Қазақстанда Дүниежүзілік пошта күні аталып өтуде
ДИКТОР: Дүниежүзілік пошта күні 9 қазанда атап өтіледі. Қазақстандықтар үшін пошта байланысы әлі де күнделікті өмірдің маңызды бөлігі. Сәлемдемелер мен хаттар, ақша аударымдары, курьерлік жеткізу осы қызметтердің барлығын алу үшін азаматтар «Қазпоштаға» жүгінеді. Бүгінде Ақмола облыстық филиалында 764 қызметкер еңбек етеді. Олардың әрқайсысының өз міндеті бар. Ал ортақ мақсаттары, клиенттерге сапалы қызмет көрсету. Толығырақ тілші материалында.
РКС: Айжан Қамбарбекова «Қазпоштада» 11 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын оператордан бастаған маман жетекші лауазымға дейін өсті. Бүгінде орталық операциялық учаскені басқарады. Осы уақыт ішінде ол бірнеше кәсіби сатыдан өтіп, жұмыстағы ең маңызды нәрсе тек жөнелтілімді дұрыс рәсімдеу немесе ақша аударымын жүргізу ғана емес, сонымен қатар адамдарға өз мәселелерін шешуге көмектесу екенін түсінді.
СНХ: АЙЖАН ҚАМБАРБЕКОВА, «ҚАЗПОШТА» АҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ОРТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ УЧАСКЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Өзімнің әріптестеріммен бірге жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Бізде жұмысымыз қиын деп те айта алмаймын, жеңіл деп те айта алмаймын, орташа. Бізде қаржылық пошта қызметтерін көрсетеміз. Бүкіл елдерге посылка қабылдаймыз, сәлемдемелерді және кісілерге жеткізіп береміз. Бізде курьерлік үйге дейін жеткізіп беру бар, есікке дейін. Осы. Мен бұл жұмысты таңдаған себебім, мен келген кісілерге қуаныш сыйлағаннан өзім де қуаныштымын. Сол үшін деп ойлаймын. Өзім станыхтармен команда болу жұмыс деген өте ұнайды. Өйткені олармен де, оларды да түсіне білу керек, келген кісілерді де түсіне білу керек. Сол үшін командалық жұмыспен жұмыс жасаған да өте ұнайды.
РКС: Операторлар мен басқа да мамандардың жұмыс күні таңғы сағат 9-да басталып, кешкі 6-ға дейін жалғасады. Бұл ретте орталық операциялық учаскелер түскі үзіліске жабылмайды. Қызметкерлер кезекпен демалысқа шығады. Осылайша, клиенттер жұмыс күні бойы пошта қызметтерін үздіксіз пайдалана алады.
СНХ: ГҮЛІМ ТӘЖІБАЕВА, ОРТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ УЧАСКЕСІНІҢ БАС МАМАНЫ: «Қазпоштадағы» жұмысымызда командалық жұмыстың маңызы зор. Біз бірлесіп жұмыс істейміз, өйткені пошта жөнелтілімдерін қабылдау мен жөнелту бойынша жұмыс көлемі өте үлкен. Мен бұл салада екі жылдан бері жұмыс істеймін. Еңбек жолымды оператор болып бастадым, ал қазір бас маманмын. Өз жұмысымды жақсы көремін. Біріншіден, ұжымымыз жақсы. Екіншіден, клиенттермен жұмыс істеп, олардың мәселелерін шешуге көмектескен ұнайды.
РКС: Бүгінде Қазақстан поштасы цифрлық трансформация кезеңінен өтуде. Қызметкерлерге арнайы мобильді қосымшалар мен түрлі сервистер көмектеседі. Дегенмен, қазақстандықтар үшін маңызды қызметтердің басым бөлігін әлі де білікті мамандар, яғни еңбек адамдары қамтамасыз етіп келеді.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.