Халықтық құрылыс: өңірде әлеуметтік нысандар көбейеді
ДИКТОР: Ақмола облысы - бүгінде алып құрылыс алаңына айналған аймақ. Тұрғын үйлер бой көтеріп, әлеуметтік нысандардың қатары толығып келеді. Алдағы үш жылда Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге «Халықтық құрылыс» жобасына бағытталады. Ал бұл бастама аясында өңірде қандай жобалар жүзеге аспақ, келесі сюжетте .
РКС: Биыл аймақта 411 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. 3300-ге жуық отбасының баспана жағдайы жақсарды. Олардың 500-і – әлеуметтік осал топтағы азаматтар. Ал 2024 жылдан бері дайын пәтерлерді сатып алу тетігі арқылы 2300-ге жуық отбасы баспаналы болды.
СНХ: АЗАМАТ БАЙҚУАНЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бағдарлама талаптарына сәйкес, азаматтар жалға алған баспанасын қалдық құны бойынша жекешелендіре алады. Биыл пәтер сатып алуға 19,3 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржыға мыңнан астам пәтер сатып алу жоспарланып отыр.
РКС: Соңғы үш жылда әлеуметтік инфрақұрылымға 230 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Осы кезеңде 100-ге жуық нысан пайдалануға берілді. Ал биыл құрылысы ұзаққа созылған 7 нысанның құрылысы аяқталып, ел игілігіне тапсырылды. Олардың қатарында спорт кешендері, стадиондар мен мәдениет үйлері бар.
СНХ: АЗАМАТ БАЙҚУАНЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Биыл әлеуметтік нысандар құрылысы жалғасады. Сандықтау ауданында үш дәрігерлік амбулатория, ал Атбасар аудандық ауруханасында МРТ аппаратына арналған қосымша ғимарат салынды. Қазір нысандарды пайдалануға беру құжаттары рәсімделіп жатыр. Кейін денсаулық сақтау басқармасының қарамағына беріледі.
РКС: Ал шаһардағы көпбейінді аурухананың құрылысы келер жылдың сәуірінде аяқталуы тиіс. Сондай-ақ жылу-электр орталығы құрылысының белсенді кезеңі басталады. Есіл өзенінде тасқын суын жинауға арналған гидротехникалық нысан салу да жоспарланған. Бұдан бөлек, облыстағы 11 қаланың бас жоспарын цифрландыру жұмыстары жүріп жатыр. Қазір оның 76 пайызы орындалған.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПРАРАТ