Жас сайлаушылар клубының отырысы өтті
ДИКТОР: Көкшетауда жас сайлаушылар клубының кезекті отырысы өтті. Облыстық сайлау комиссиясының мүшелері Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде жастармен кездесіп, еліміздегі реформалар, мәслихат депутаттарын сайлау, Қазақстан Халық кеңесінің жұмысы, өзге де бірқатар мәселелерді талқылады.
РКС: Жас сайлаушылар клубы елімізде осыдан бір жарым жыл бұрын құрылған. Мақсат жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, халықаралық және республикалық деңгейдегі іс шараларға қатысуы. Клубтың кезекті отырысында комиссия мүшелері студенттерге еліміздегі негізгі өзгерістер мен реформалар, алдағы мәслихат депутаттарын сайлау, «Заң мен тәртіп» қағидаттары туралы жан-жақты ақпарат берді.
СНХ: АЛМА БЕКЕНТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Жүзден аса студент бүгінде сайлау комиссияларының мүшесі. Олар бұл комиссиялардың бүгінгі күні қалай жұмыс істеп жатқанына қызығушылық танытып отыр. Жастардың белсенділігі жоғары. Олармен неғұрлым жемісті жұмыс істеу үшін биыл қыркүйек айында облыстық сайлау комиссиясы облыстағы жетекші жоғарғы оқу орындарымен, сондай-ақ білім басқармасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
РКС: Жастар еліміздегі заңнамаларға енгізілетін өзгертулерге өз ұсыныстарын айта алады. Сонымен қатар сайлау комиссиясының мүшесі бола алады. 18 жастан бастап жастар сайлау науқанында бақылаушы немесе сенімді өкіл ретінде тіркелуге құқылы. Клуб отырысында жастарға осы және өзге де мәліметтер түсіндірілді.
СНХ: АЯЖАН МАНАПОВА, ЖАС САЙЛАУШЫЛАР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ: Осы клубта біз жаңа білім алып және өзімізді дамытуға, қоғамдық өмірге белсенді атсалысуға үлкен мүмкіндіктер алдық. Бұл клуб 1 жарым жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы клубтың арқасында біз көптеген маңызды іс шараларға қатыстық. Оның ішінде Бурабайда өткен ТМД елдері сайлау органдары басшылары қатысқан консультативтік кеңестің 6-шы отырысына қатыстық. Бұл отырыс бізге маңызды тәжірбиелердің бірі болды.
РКС: Жиын соңында жастар сайлау комиссиясының мүшелеріне сұрақ қойып, алдағы саяси науқан жайлы бірқатар ақпарат алды. Белсенді жастар алғыс хаттармен марапатталды.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, САБЫР ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ