Негізгі Жаңалықтар Ауданда дәрігер тапшылығы азайып келеді

Ауданда дәрігер тапшылығы азайып келеді


ДИКТОР: Егіндікөл аудандық ауруханасы жаңа мамандармен толықты. Екі ай бұрын мұнда бірден екі акушер-гинеколог жұмысқа қабылданды. Қазір ауруханада 119 маман еңбек етеді. Сонымен қатар медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасы да жаңарып келеді.

РКС: Виктория Тарасевич екі ай бұрын аудандық ауруханаға акушер-гинеколог болып жұмысқа орналасты. Туған жеріне оралған жас маман ауыл медицинасын дамытуға өз үлесін қосуды мақсат етеді. 

СНХ: ВИКТОРИЯ ТАРАСЕВИЧ, ЕГІНДІКӨЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГЫ: Медициналық көмек тұрғылықты жеріне қарамастан, әр әйелге бірдей қолжетімді болуы керек. Қалада тұрса да, шағын ауылда тұрса да, сапалы қызмет алуға құқылы. Мен мұнда кәсіби тәжірибе жинақтап, білікті дәрігер ретінде қалыптасу үшін келдім.

РКС: Ләйла Мақанова да осы ауруханаға қатар жұмысқа қабылданды. Жас маман жаңа ұжымға бейімделіп, әріптестерінің қолдауымен кәсіби тәжірибесін шыңдап келеді.

СНХ: ЛӘЙЛА МАҚАНОВА, ЕГІНДІКӨЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГЫ: Ауруханаға келгеніме екі ай болды. Жұмыс жағдайы көңілімнен шығады. Ұжым өте жақсы қарсы алды. Әсіресе, тәжірибелі мамандардың қолдауы зор. Білгендерімен бөлісіп, әрдайым көмектесуге дайын.

РКС: Жаңа дәрігерлердің келуі кадр тапшылығын едәуір азайтты. Дегенмен стационар жұмысын толық қамтамасыз ету үшін әлі де акушер мамандар қажет.

СНХ: НАТАЛЬЯ ШУМИНА, ЕГІНДІКӨЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ол үшін «Дипломмен- ауылға» бағдарламасы бар. Жас мамандарға біржолғы көтермеақы беріледі, баспана ұсынылады, жұмыс орны мен лайықты жалақы қамтамасыз етіледі.

РКС: Қазір аудандық ауруханада 14 дәрігер мен 46 орта буын медицина қызметкері еңбек етеді. Кадрлық құрамды толықтырумен қатар, медициналық мекеменің инфрақұрылымы да жақсарып келеді. Тамызда педиатрия бөлімшесі күрделі жөндеуден өтті.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ



Бөлісу