Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне жаңа ғимарат беріледі
ДИКТОР: Көкшетаудағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жаңа заманауи ғимаратқа ие болады. Жаңғырту жұмыстары жоспарланып отыр. Бұған дейін аталған бағдарлама бойынша қаланың көркемөнер мектебінің ғимараты жаңартылған болатын. Әлеуметтік нысандарды дамыту туралы тілші айтсын.
Интер шум:
РЗК: Спорт мектебінің ғимараты 1890-шы жылдары түрлі материалдан салынған. Ағаш тіреуіштер де, кірпіш те пайдаланылған. Сондықтан конструкция кез келген уақытта құлауы мүмкін еді. Ғимараттағы 276 шаршы метрдің 120-сы ғана пайдалы алаң болып саналды. Бұл аумақ жас спортшыларды оқытуға жеткіліксіз еді. Қазір жаңғырту жобасында 500 шаршы метрден аса орын қарастырылуда. Бұл орында заманауи талаптарға сай келетін 3 түрлі зал болады.
СНХ: ТАЛҒАТ МҰСАБАЕВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: Шағын, бір подъезді тұрғын үй кешені салынады. Бұл ғимараттың салынғанына 120 жылдан асқан. Орнына қазіргі заманғы, жақсы жаңа спорт мектебі салынады. Қауіпсіздік жұмыстары ескеріліп, жұмыстар қолмен өте ұқыпты жасалады.
Реновация бағдарламасының тиімділігі
РКС: Реновация бағдарламасы аясында алғашқы болып Көкшетау көркемөнер мектебі ашылды. Екі қабатты ғимараттың құрылысы 11 айда аяқталды. Жалпы ауданы бір мың 800 шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ, жылы мезгілде балалар таза ауада білім алатын кең терраса да қарастырылған.
СНХ: ЮЛИЯ ЖЕЛОБКОВА, «ШАБЫТ» БАЛАЛАР КӨРКЕМӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз де қатысып, сәулетшілермен бірге жобаладық. Бұл суретші үшін өте маңызды, тамаша панорамалық терезелері бар өнер академия болсын деген мақсат болды. Қазір өте тамаша, ғажат ғимаратта балаларымыз өнерін шыңдап, білім алып жатыр.
РКС: Көкшетаудағы реновация бағдарламасы пилоттық жоба ретінде Қазақстандағы қала ортасын жаңартудың табысты үлгісіне айналды. Бұл тәжірибе қазірдің өзінде еліміздің басқа да салаларында қолға алынуда. Сонымен қатар, қазір шалғай аудандардың және өңірдің әкімшілік орталықтарының инфрақұрылымын дамыту бойынша міндеттер қойылған.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, НАИР ЗАХОВАЕВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ