Бестөбе шахтасында заңсыз кен іздеуші қаза тапты
ДИКТОР: Бестөбе поселкесіндегі шахтада тастардың құлауы салдарынан заңсыз кен іздеуші қаза тапты. Қайғылы жағдайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Алдын ала болжамға сәйкес үйінділер астында қалған ер адам алған жарақатынан көз жұмған. Тәртіп сақшылары қазір тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп, жағдайдың мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады. Ведомствода атап өткендей, күзетілетін нысанға заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жыл басынан бері Степногорск қаласында 320-дан астам азамат Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің осы бабы бойынша жауапкершілікке тартылған. Жергілікті шахталарда осы мерзім ішінде 10 адам қаза тапқан.