Негізгі Жаңалықтар Облыс аумағында желдің екпіні күшейіп, жолдарда көктайғақ болады

Облыс аумағында желдің екпіні күшейіп, жолдарда көктайғақ болады


ДИКТОР: Алдағы күндері облыс аумағында ауа райы құбылмалы болады. Аймақтың батысы мен солтүстігіне солтүстік циклонның ықпалы әсер етеді. Ауа райын болжау мамандары жауын-шашынның соңы көктайғаққа ұласуы мүмкін екенін ескертеді. Сондай-ақ желдің екпіні күшеюі ықтимал. 

РКС: Синоптиктердің мәліметінше, қазір аймақта негізінен жауын-шашынсыз, құрғақ болып тұр. Алайда алдағы күндері ауа райы құбылып, жағдай өзгереді. Солтүстік циклонның ықпалынан өңірде жауын-шашын болады. 

СНХ: САЛТАНАТ ОҢАЙБАЕВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ: Тек облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр аралас қар жауады. Жолдарда көктайғақ болып, желдің екпіні күшейеді. Таңғы және түнгі уақыттарда тұман түсуі ықтимал. Түнде өңірдің басым бөлігінде ауа температурасы 4-9 градус дейін төмендейді. Ал күндіз біршама жұмсарып, сынап бағанасы 0-ден 5 градусқа дейін көтеріледі.

РКС: «Қазгидромет» мамандары алдағы қыс салыстырмалы түрде жылы болады деген болжам айтып отыр. Ал жауын-шашын мөлшері климаттық норма шегінде болмақ. Дегенмен, өңірдің солтүстік-батысы мен солтүстік, солтүстік-шығысында қар әдеттегіден мол түсуі мүмкін. Мамандар жекелеген кезеңдерде боран соғып, желдің екпіні қатты болуы ықтимал екенін ескертеді. Сондай-ақ жолдарда көктайғақ болып, тұман түсуі мүмкін. Қыс мезгілінде сынап бағанасы құбылып отыратынын да жоққа шығармайды. 

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу