«Қазақстан РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалы – «Kokshe» телеарнасы
Меншік нысаны: Акционерлік қоғам филиалы
Директор: Әбділманов Берік Қайдарұлы
Құрылу уақыты: 1999 жыл
Хабар тарату тілі: Қазақша, орысша
Қызметі: Телеарна 14 сағат эфир таратады. Ақмола облысы бойынша эфирлік қамту көрсеткіші – 80 процент. Телеарнада күнделікті жаңалықтар 6 рет тікелей эфирде көрсетіледі. Әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени тақырыптар талқыланатын студиялық хабарлар бар. Сондай-ақ, өңірдегі өнеркәсіп, туризм, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, IT-технологиялар туралы бағдарламалар көрсетіледі. Өзіндік өнім үлесі – 60 процент.
Штат: 63 адам (шығармашылық топ - 40).
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету: Телеарнада 2 студия (жаңалықтар, бағдарламалар) жұмыс істейді. 5 ТЖК камера, 2 телесуфлер, жылжымалы телевизиялық станция, эфир таратудың автоматты жүйесі (негізгі және резервті) бар.