Азия кубогының жеңімпазы елге оралды
ДИКТОР: Қарашаның 10-ы мен 14-і аралығында Жезқазғанда 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен Азия кубогы өтті. Демалыс күндері Азия кубогының жеңімпазы Нұрдәулет Амангелді елге оралды. Теміржол вокзалынан чемпионды туыс-туғандары мен достары, спорт сүйер қауым жылы қарсы алды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жезқазған қаласында қазақ күресінен Азия кубогына Қазақстанның барлық өңірінен, сондай-ақ Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолия елдерінің балуандары қатысты. Аталған жарыста Нұрдәулет Ақмола облысының намысын абыроймен қорғап, жоғары шеберлігін көрсете алды.
СНХ: НҰРДӘУЛЕТ АМАНГЕЛДІ, АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Бұл жарысқа біз екі ай бойы дайындалдық. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Жақсы дайындап келген барлық палуандар. Жарыс қиын болған жоқ, жақсы болды. Әсерім өте жақсы. Осы күтіп алған барлық адамдарға үлкен рақмет. Сөзбен айтып кету мүмкін емес әсерлерімді.
РКС: Бұл Нұрдәулеттің алғашқы жеңісі емес. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының чемпионы атағына ие болып, түрлі халықаралық жарыстардың жүлдегері. Алдағы уақытта чемпион дайындықты тоқтатпай, Қазақстан чемпионатында және халықаралық додаларға қатысуды жоспарлап отыр.
СНХ: ЖАСҰЛАН МҮСІПОВ, БАПКЕР: Амангелді Нұрдәулет 70 келіде белдесті. 5 белдесу өткізіп, бесеуінде де жеңіске жетті. Балуанымыз жеңімпаз атанды. Бұған дайындық ерекше өтті. Дайындалдық алдын ала. Өте қиын болды, әсіресе ақтық белдесуге жолдама алу үшін өзбек балуанмен күресті. Қарсыластар мықты. Қатысқандар Қазақстан жеңімпазы, жүлдегерлері. Бәрі мықты балуандар дайындалып келген. Жоспарлар – әрі қарай дайындалу, осымен тоқталмау. 2027 жылы жастар арасында Қазақстан чемпионатына қатысу.
РКС: Жас балуанның бұл жеңісі – тынымсыз еңбек пен жүйелі дайындықтың нәтижесі. Нұрдәулет алдағы уақытта да спорттағы жетістіктерін еселеп, ел намысын республикалық және халықаралық жарыстарда қорғауды мақсат тұтады. Бапкері де шәкіртінің болашағынан үлкен үміт күтеді. Алда жас спортшыны жаңа белестер мен жауапты бәсекелер күтіп тұр.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ