Халықтық құрылыс: өңірде бөгеттерді жөндеуге 5,5 млрд. теңге бөлінді
ДИКТОР: Өңірде су басу қаупі бар аумақтарда өзен арналары тазартылып, бөгеттер жаңғыртылады. «Халықтық құрылыс» жобасы аясында бұл мақсатқа 5,5 млрд. теңге бағытталмақ. Атап айтқанда, Қалқұтан өзенінің арнасы тазартылып, Шортанды және Бұланды аудандарындағы бөгеттер жаңғыртылады. Тасқын судың алдын алуға бағытталған жобаларды алдағы көктемге дейін аяқтау жоспарланып отыр.
РКС: Биыл Астрахан, Шортанды және Бұланды аудандарындағы гидротехникалық нысандарды ретке келтіруге басымдық беріліп отыр. Қаражаттың басым бөлігі Астрахан ауданындағы Қалқұтан өзенінің арнасын тазартуға жұмсалмақ. Мұнда 21 шақырымға жуық үш учаске тереңдетіліп, Ескі Қалқұтан мен Қалқұтан ауылдарында топырақ бөгеттері салынады. Аталған жұмыстарға 4,4 млрд теңге қарастырылған.
СНХ: МҰРАТ БАЛПАН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2025 жылдан бастап құны 16 млрд теңге 9 жоба іске асырылуда. Астрахан ауданында Қалқұтан өзенінің 21 км өзенінің арасын тазарту және тереңдету, Бұланды ауданында Иванковка бөгетін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Шортанды ауданында Основное бөгетінің шлюздері мен су ағызу құрылыстыарының реконструкциясы басталды. Аталған объекті шамамен 9 мың тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз етеді. Бұл жобаларды 2027 жылғы су тасқыны басталғанға дейін аяқтау жоспарлануда.
РКС: Тасқын судың жолын бөгеу үшін былтыр да бірқатар жүйелі жұмыс атқарылды. Аршалы ауданында салынған қорғаныс бөгеті 15 мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Макинск қаласында шлюздері бар бөгет пен бетон науалар тұрғызылды. 5 мың шақырымға жуық Қалқұтан өзенінің арнасы тазартылды.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ