Негізгі Жаңалықтар Ауданның 29 ауылына табиғи газ тартылады

Ауданның 29 ауылына табиғи газ тартылады


ДИКТОР: Шортанды ауданына табиғи газ тарту жоспарланып отыр. Алдағы уақытта көгілдір отын 29 ауылға жеткізіліп, 25 мыңнан астам тұрғынды қамтымақ. Бұл туралы облыс әкімі Марат Ахметжанов аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді. Бұдан бөлек өңір басшысы жылумен жабдықтау және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту жоспарлары туралы сөз қозғады.


РКС: Шортанды ауданы тұрғындарын ерекше толғандыратын мәселеленің бірі – газдандыру. Облыс әкімі Марат Ахметжановтың сөзінше, жоба аясында орталық газ жүйесіне тұрғын үйлермен қатар әлеуметтік нысандар, қазандықтар мен ауданның өндірістік кәсіпорындары, яғни жалпы 65-тен астам нысан қосылады.


СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:


РКС: Тұрғындар айтылған жоспарларды ерекше ықыласпен қабылдады. Көптеген отбасы үшін табиғи газға көшу – көмір мен отын жағудан арылып, күнделікті тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік.


СНХ: ЕЛЕНА АНДРЕЕВА, ШОРТАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Айтылған болашақ жоспарлар өте ұнады. Газ тартылады, үйлерімізге дейін жеткізіледі деді. Енді осы көмір мен отынның машақатынан біржола құтылатын шығармыз деп үміттенемін.


СНХ: ТАТЬЯНА КИЧАЙКИНА, ШОРТАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Облыс әкімінің есептік кездесуінде жақсы жаңалық естідік. Ауданымызға да газ тартылатын болды. Өте қуаныштымыз.


СНХ: НҰРЖАН ӘСКЕРХАН, ШОРТАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Облыс әкімі көптеген жаңалықтар айтып кетті. Газ жүргізіледі деді. Сол жағы өте ұнады. Енді газбен қамтамасыз етілсек, Шортанды өте жақсы бағытта дамиды деген ойдамын. Политика жақсы жағынан жүріп жатыр. Халықпен жұмыс істеу жақсы жүріп жатқаннан кейін, көбісі халықтың пікірін тыңдауда, сол жағынан мен қуаныштымын.


РКС: Шортанды ауданында автомобиль жолдарын жөндеу де жалғасады. Атап айтқанда, кемінде 3 мың шаршы метр аумақта шұңқырларды жөндеу жоспарланып отыр. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаков мәлімдегеніндей, аудан аумағы арқылы өтетін республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Алдағы жұмыстардың қатарында Петровка–Қараадыр автожолын нығайту да бар. Сонымен қатар ұзындығы 50 шақырым болатын Жолымбет–Шортанды тасжолын орташа жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. Кездесу соңында аймақ басшысы аудан экономикасын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін инвестиция тартудың және жаңа өндіріс орындарын құрудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, облыс әкімі Марат Ахметжанов зияткерлік сайыстардың жеңімпаздарына естелік сыйлықтар табыстады. Бұдан бөлек, әлеуметтік осал тобына жататын сегіз отбасы жаңа пәтердің кілтін алды.



ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу