Негізгі Жаңалықтар Мемлекеттік қолдаудың арқасында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді

Мемлекеттік қолдаудың арқасында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді


ДИКТОР: Ақмола облысында кәсіпкерлерге қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру үшін биыл 189 млн теңге бөлінді. Былтыр 78 млн теңгеге 16 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген. Өңірде басқа да мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жеке кәсібін дөңгелеткен кәсіпкерлер қатары көбейіп келеді.

РКС: Атбасарлық жас кәсіпкер Нұрсара Рыскелдина мемлекеттік қолдаудың арқасында шағын тігін цехын 18 жасында ашуға мүмкіндік алған. Сүйікті ісін табыс көзіне айналдыруға 1,5 теңге көлеміндегі қайтарымсыз мемлекеттік грант көп көмегін тигізгенін айтады. 

СНХ: НҰРСАРА РЫСКЕЛДИНА, КӘСІПКЕР: Маған сол 1,5 млн. тг қатты көмектесті. Оған мен машинкаларды алдым және де расширение. бір жылда 100-200 клиент болған, қазір 1 мыңнан аса, қазір мен Жақсы, Борисовка деген село мектептерін алам, жилеткаларды тігем. 

РКС: Маусымжан Мұханбетжанов ауылға алғаш көшіп келгенде 2 сиыр, 5 қой сатып алған. Мемлекеттік қолдау мен таза еңбегінің арқасында айналдырған 7 жылда қойдың басын 100-ге, ал қара мал санын 30-ға жеткізіп отыр. 

СНХ: МАУСЫМЖАН МҰХАНБЕТЖАНОВ, ШАРУА Ауылға келсем бітті, қалаға кеткім келмей қалатын. Малға қызығып, жұмысым біткеннен кейін ауылға келіншегім, балаларымды алып көшіп келдім. қара малдан «Игілік» бағдарламасымен мемлекеттен ақшалай қолдау алдым. 7 млн 800 мың алдым, бөліп-бөліп берді. 2023 те алдым. 15 бас қара мал алдым. 

РКС: Биыл «Игілік» пен «Береке» бағдарламалары бойынша өңірдің шаруаларына 10 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Ал «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жыл басынан облыс тұрғындарына 8,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. 

СНХ: ДИАНА БОРАНБАЕВА, ЕШІМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: «Ауыл аманаты» жүзеге асырғаннан бастап, біздің ауылымыз 40 млн астам несие алып отырмыз. Қой, жылқы, ірі қара мал шаруашылығын дамытып отыр. Биыл 9 тұрғынымыз өтінім білліріп отыр. 2 пайызбен өте тиімді. 

РКС: Жалпы, Ақмола облысында соңғы үш жылда 5,3 миллиард теңгеге 567 жеңілдетілген несие берілді. Бұл өңірде шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығының дамуына тың серпін беріп отыр. 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу