Негізгі Жаңалықтар Қысқы маусымға дайындық пысықталды

Қысқы маусымға дайындық пысықталды


ДИКТОР: Қыс мезгілі жол және коммуналдық қызметтердің жұмысына үлкен жауапкершілік жүктейді. Қолайсыз ауа райында төтенше жағдайлардың алдын алып, жедел әрекет етуге әзірлікті тексеру мақсатында Қорғалжын ауданында «ҚЫС-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

РКС: Ауданда қысқы кезеңге қажетті күш-құрал мен материалдық қор әзір. Сегіз оқу пункті жасақталып, 18 арнайы техника сақадай сай тұр. Көктайғаққа қарсы 50 тонна құм, алты тонна дизель отыны мен екі тонна бензин қоры бар. Аудандық ауруханада шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған 20 төсек-орын әзірленген.

СНХ: АЛМАС АЛИН, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев азаматтардың қауіпсіздігін қатаң сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Бұл баршамызға ортақ әрі жауапты міндет. Оқу-жаттығудың басты мақсаты қысқы кезеңде орналасу мүмкіндігі төтенше жағдайлардың алдын алу, оған дайындық деңгейін тексеру және жауапты қызметкерлердің өзара іс-қимылдарын жетілдіру. 

ИНТЕРШУМ:

РКС: Оқу-жаттығуда төтенше жағдайлар мен коммуналдық қызметтердің қысқы маусымға әзірлігі іс жүзінде сыналды. Мамандар төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерді пысықтап, арнайы техниканың дайындығын, жанар-жағармай мен қажетті материалдар қорын тексерді. Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты қызметтерге қысқы дайындықты тұрақты бақылауда ұстап, арнайы техниканың әзірлігін қамтамасыз етуді тапсырды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу