Негізгі Жаңалықтар Ауыл балалары асық ату мен тоғызқұмалақтан сайысты

Ауыл балалары асық ату мен тоғызқұмалақтан сайысты


ДИКТОР: Ауыл балалары арасында ұлттық ойындарды жаңғырту және дамыту мақсатын көздеген сайыс Біржан сал ауданына қарасты Сәуле ауылында өтті. Төрт ауыл мен Степняк қаласының мектептерінен келген оқушылар бақ сынасты.  

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған ел ағалары ұлтжандылық , елге қызмет, туған топыраққа тағзым туралы айтты. Ең бастысы ұлттық рух пен ұлттық сананы бабалар мұрасымен байланыстыру аса маңызды.

СНХ: МҰРАТ АСАР, ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМНЫҢ МҮШЕСІ: Патриоттық тәрбиені қалыптастырудағы іс-шара. Жылда-жылда Көкшетау қаласының төңірегінде өткізетін едік, биыл Сәуле ауылында өткізіп жатырмыз, ішкі саясаттан осындай ұсыныс түскен еді, соны қолдап келіп отырмыз. 

РКС: Шәрәпи Әлжанов атындағы Сәуле орта мектебінде асық ату секциясы жұмыс істейді. Ептілік пен шапшаңдыққа баулитын спорт түріне қатысып жүрген балалар аудандық.облыстық жарыстардан жүлделі оралып жүр. Араларында спорт шеберлігіне кандидаттар да бар. Бүгінгі сайысқа Сәуле, Құдықағаш, Мақпал, Үлгі ауылдық мектептері мен Степняк қаласының мектептерінен оқушылар қатысты.

СНХ: БАҚЫТЖАН НҰРЖАНОВ,АСЫҚ АТУДАН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Асық ату біздің ауданда 2017 жылдан бастап дамып жатыр. Осы уақытқа дейін көптеген жарыстарда республикалық, облыстық жарыстарда жүлделі орындарға ие болдық. Асық ату, тоғызқұмалақ ойындарынан бірінші, екіншідәрежелі және КМС атағын алған оқушыларымыз да бар.

СНХ: МАҒЖАН ҚАЙРАТ, АСЫҚ АТУДАН СПОРТ ШЕБЕРЛІГІНЕ КАНДИДАТ: 3 бала ойнаймыз командада, біреуі алыстан, біреуі шеңберден, біреуі шеңберде қалып қойған асықтарды атады. Сосын үшеуміз кезек-кезек атамыз.

РКС: Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан да мектеп оқушылары сайысқа түсті. Ойлау қабілетін шыңдап,жылдам шешім қабылдауға үйрететін ойынға ауыл балалары епті -ақ. 

СНХ: АЙБИКЕ БЕЙСЕМБАЙ, Р.ЕЛЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚҰДЫҚАҒАШ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Тоғызқұмалақты бесінші сыныптан бастап ойнаймын, көптеген жарыстарға бардым. Тоғызқұмалақ ойнаған ұнайды, ол баланың ойлануына көп көмек береді. 

РКС: Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі болған оқушыларға кубоктар мен мақтау қағаздары табыс етілді.

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу