Негізгі Жаңалықтар 30 мыңға жуық тұрғын газбен қамтылады

30 мыңға жуық тұрғын газбен қамтылады


ДИКТОР: Бұланды ауданындағы 32 елдімекен 2029 жылға дейін кезең-кезеңімен табиғи газға қосылады. Жоба 30 мыңға жуық тұрғынды қамтиды. Бұл туралы аймақ басшысы Марат Ахметжанов аудан тұрғындарымен өткен кездесуде айтты. Сондай-ақ жиында баспана, инфрақұрылым және ауыл шаруашылығына қатысты өзекті мәселелер де көтерілді. Әріптесім Жанар Мұқышева жалғастырады.  

РКС: Жоба аясында ауданның барлық елді мекенін табиғи газбен қамту жоспарланған. Сонымен қатар, 50-ден астам әлеуметтік нысан мен 10 кәсіпорын да көгілдір отынға қосылады.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 2027 жылы «Сарыарқа» газ құбырының Астана - Көкшетау бағытындағы құрылысы басталады. Құбыр Бұланды ауданы арқылы өтеді. 2028 жылы Көкшетау көгілдір отынға қосылады деп жоспарлап отырмыз. Қазір газ өндіру орындарында қуатты компрессорлық қондырғылар орнатылды. Бұл Макинск қаласы мен оған іргелес ауылдарды газбен қамтуға мүмкіндік бермек. Жалпы, 2028-2029 жылдары Бұланды ауданындағы барлық елді мекенді табиғи газға қосуды көздеп отырмыз.

РКС: Ауданның аграрлық әлеуеті де жоғары. Биыл жергілікті диқандар 400 мың тоннадан астам астық жинап, әр гектардан орта есеппен 24,3 центнер өнім алды. Мол өнімді сақтап, нарыққа тиімді шығару үшін ауданда жаңа астық қоймалары мен агрологиялық хабтың құрылысы жүріп жатыр.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Орта 6.200.000 тонн астық бастырылды. Биылғы ең тарихи деп айтуға болады, өйткені, бұл тарихта болмаған. Ең сапалы астық биыл жиналды. 90% пайзы тауарлык астығы, оның 70 пайызы Hi-Pro. Бұл ең бағалы, ең құнды өнім жиналған. Сондықтан, оны міне, біздің диқандар жақсы бағамен сатып отыр. Бірақ та біздің қазіргі шарттарымыз бар. Және Hi-Pro сіздердің өздеріңіз міне аудан бойынша 400 мың тоннадан астам астық жиналды биыл. Орташа өнімділік облыс бойынша жоғары. Жаңа мен облысты 14,2 ц/га деп айтып отырмын ғой. Ал, мынау Бұланды ауданында 24,3 ц/га. Өте бір жақсы көрсеткіш көрсетіп отыр.

РКС: Макинск қаласында реновация бағдарламасы аясында 120 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарға «Балуан Шолақ» тұрғын үй кешенінен тағы 15 пәтер сатып алынды. Кездесу барысында 19 отбасына жаңа баспананың кілті табысталды. Тағы 34 пәтер «Отбасы банкі» арқылы үлестіріледі.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, КАРИНА СҮЛЕЙМАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу