Негізгі Жаңалықтар Жастар – ел болашағы

Жастар – ел болашағы


ДИКТОР: Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Көкшетауда өңірдің белсенді жастары бас қосып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылады. Кездесу барысында жастардың қоғам өміріндегі рөлі мен ел дамуына қосар үлесі сөз болды. Сондай-ақ облыстық жастар ресурстық орталығы мен «Бурабай» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

РКС: Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев кездесуде Мемлекет басшысының Жолдауындағы басым бағыттарға тоқталып, елімізде жүзеге асырылып жатқан маңызды бастамаларды түсіндірді. Оның айтуынша, елдің өркендеуі үшін жастардың терең білім алып, тағылымды тәрбиеге ден қоюы маңызды. Сонымен қатар «Адал азамат», «Заң мен тәртіп» қағидаттары мен «Таза Қазақстан» акциясының мән-маңызына ерекше назар аударды. Өңірде қолға алынған игі бастамаларға жастардың белсенді атсалысуы қажеттігін атап өтті.

СНХ: ДАНИЯЛ ҚАМАЛ, ВОЛОНТЕР: Мен «Мейірім» деген волонтерлық ұйымның атынан келіп отырмын. Біз Таза Қазақстан акциясына қатысқан болатынбыз. Қаланы тазалап, өз үлесімізді қостық, жақсы істер жасап, халық үшін бәрі. Өзім Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде машина жасау мамандығына оқып жатырмын.

 РКС: Жиын аясында жастардың қоғамдық бастамаларға қатысуын арттыруға бағытталған тағы бір маңызды қадам жасалды. «Бурабай» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен облыстық жастар ресурстық орталығы өзара ынтымақтастықты нығайту жөніндегі меморандумға қол қойды. Құжат алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және жастармен жұмысты жандандыруға мүмкіндік береді.

СНХ: ӘЛІМЖАН МОЛДАҒАЛИ, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің спорт комплесіміз әр түрлі саладағы балалрмен жұмыс істейді. Кішкентай баламен біздің қарияларымызға дейін келеді. Осы меморандум, жастарымызбен кездесуіміз үлкен жетістік деп білеміз. Біз жастарды, жастар біздің жұмысымызды білуі керек. Бұл жәй меморандум емес, жастарымыздың спорт, өнер саласына жастардың жасайтын еңбектің үлкен мәні бар.

РКС: Кездесу соңында өңірдегі еріктілердің еңбегі еленіп, бірқатарына алғыс хаттар табысталды. Марапатталғандардың қатарында Астана қаласында өткен Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастыруға белсенді атсалысқан жастар да бар. 

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу