Негізгі Жаңалықтар Құзырлы орган қызметкерлері 100 түп қарағай көшетін отырғызды

Құзырлы орган қызметкерлері 100 түп қарағай көшетін отырғызды


ДИКТОР: Көкшетау қаласындағы жаңа жағалаудың көркіне көрік қосылып, жасыл желекпен көмкеріле түсті. Облыстық прокуратура қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мұнда 100-ге жуық қарағай көшетін отырғызды. Игі бастама туған өлкенің табиғатын түлетіп, қоршаған ортаға жанашырлық танытуға бағытталған.

РКС: Тазалықты ту еткен 90-ға жуық облыстық прокуратура қызметкері жаңа жағалауды абаттандыруға үлес қосты. Акция барысында аумаққа қарағай көшеттері отырғызылды. Бұл бастама облыс аумағында кеңінен сипат алған.  

СНХ: РУФАТ ҚҰТТЫҚОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ: Өңірімізді көркейту - баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай игі істер жақсы дәстүрге айналуда. Бүгін прокуратура ұжымы 100 тал ағаш егуде. Тек қана Көкшетау өңірінде емес, барлық қала, аудан прокурорлары осы акцияға өз үлестерін қосуда. Біздің мақсат келер ұрпаққа осындай жақсы игі істі көрсету. 

РКС:Қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтау әр азаматтың ортақ міндеті. Осы бағытта құқық қорғау саласының мамандары да заң аясында жүйелі жұмыс жүргізіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосып келеді.

СНХ: МҰХАММЕДӘЛІ ӘУЕЗ, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ: Бұгінгі күні Ақмола облысының прокуратурасы «Таза Қазақстан» жобасы аясында елдімекендерді көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған шаралардың негізгі мақсаты, қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған. Бүгінгі күні прокуратура өткізген шаралар негізінде облыс аумағында 295 рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталып, олардың 289 жойылды. Және қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған түрлі шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. 

РКС: Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген экологиялық жауапкершілік пен табиғатты қорғау міндеті осындай игі істер арқылы жүзеге асуда. Ал құқық қорғау қызметкерлерінің бүгінгі еңбегі, сол игі істің жарқын үлгісі болмақ. 

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу