Макинск қаласында мәдениет және демалыс саябағы ашылды
ДИКТОР: Макинск қаласында жаңа мәдениет және демалыс саябағы ел игілігіне берілді. Бұланды ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов аумақты абаттандыру жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар аймақ басшысы аудан орталығында биыл бой көтерген заманауи тұрғын үй кешенінің жаңа қоныстанушыларына пәтер кілтін салтанатты түрде табыстады.
РКС: Ақмола облысында ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасып, өңірдің келбеті күн санап жаңаруда. Соның жарқын көрінісінің бірі – Макинск қаласында тұрғындардың игілігіне берілген заманауи демалыс орны. Жаңа қоғамдық кеңістіктің құрылысына 200 миллион теңгеден астам қаржы бағытталған. Мұнда бейнебақылау жүйесі орнатылып, жарықтандырылған кіреберіс аркасы, балалар және спорт алаңдары, жүгіру жолы мен амфитеатр салынған.
СНХ: ЖАНАР ЖАНДЫБАЕВА, МАКИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осы қалада тұрғаныма 40 жылға жуық тұрамын, 38 жыл. Осы қала біз көшпеген жылдары саябақ істеген жоқтар. Қазір жылдан-жылға, айдан-айға көркейіп келеді, тамаша, міне, тірімізге, еркесіне осындай саябақ салынды, өте ризамыз, күнде демалуға келеміз. Әсіресе балаларға, жастарға өте тамаша жағдай жасалды. Зейнеткерлерге де, біз зейнеткерлерге де өте қолайлық берілді. Сондықтан облыс әкімшілігіне, аудан әкімшілігіне бәрінен мыңда бір алғыс.
Ауқымды жаңғырудың арқасында аймақтың ажары да өзгеруде
РКС: «Baluan Sholak» жайлылығы жоғары тұрғын үй кешені жекеменшік қаржыға салынған. 45 пәтерден тұратын жаңа баспана кешеніндегі 15 пәтер әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарға сатып алынған. Жаңа қоныс иелерінің қатарында Динара Бәйкенова да бар.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ДИНАРА БӘЙКЕНОВА, МАКИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен енді осы қуанышты Президентіміздің жолдауымен, әкіміміздің қолдауымен Алланың қалауымен маған міне екі бөлмелі пәтерлер отыр. Мен жеті жыл очередте тұрдым да. 1414 сообщение келеді да, сіздің очередіңіз келді Одан кейін Отбасы банк маған сразу екі бөлмелі пәтер ие болдыңыз деп. Айтқанда қуанышым шексіз болды. Қуаныштан жыладым, қуанышты күндер солай.
РКС: Бұланды ауданындағы жаңғыру жұмыстары экономикалық саланы да қамтып отыр. Никольское ауылында басталған ірі инвестициялық жобаның бірі – агрологистикалық хабтың құрылысы қарқынды. Жобаның алғашқы кезеңіне 1 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Кешен құрамында автоматтандырылған өндірістік цех, заманауи ақылды силостар жүйесі, астық кептіру мұнарасы және жеке теміржол желісі қарастырылған. Кәсіпорын осы айда іске қосылады.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ