Негізгі Жаңалықтар «Өнер» мектебі балалардың шығармашылығын шыңдайды

«Өнер» мектебі балалардың шығармашылығын шыңдайды


ДИКТОР. Зеренді ауданы орталығындағы «Өнер» мектебі өткен жылы жаңадан жабдықталған, күрделі жөндеуден өткен жаңа ғимараттан орын тепті. Қазір мұнда 500-ден астам оқушы балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығына келіп жүр. Жақын маңдағы ауылдарда да орталықтың филиалдары ашылып, жұмыс істеп жатыр. Толығырақ тілшіміз баяндайды. 

РКС. Мына сөреден орын тепкен түрлі қолөнер туындылары балалардың қолынан шыққан. Әрбірі қайталанбас, өзіндік қиялдан туған тартымды дүниелер. Кәдімгі қағаз қиындыларынан құралған мүсіндер мен түрлі композициялар қараған адамның көзін қызықтырады. Шебер қолдар жасаған әдемі туындылардың әрбірінде қажырлы еңбек пен өз ісіне деген сүйіспеншілік жатыр.

СНХ ЖАННА ТҮЛКІБАЕВА, БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: біздің орталықта оқытушылар 6 бағыт бойынша жұмыс істейді. 21 үйірмеміз бар. Сонымен қатар 6 үйірме Зерендінің ауылдарында жұмыс істеп тұр. 19 оқытушы балаларды түрлі бағытта тәрбиелеп жатыр. 500-ден астам оқушы бар десек, оның 92-сі ауылдағы мектептердегі филиалдарымызға барып жүр.

РКС. Болашақта мүсінші болғысы келетін Санжар Ғиззат оныншы сынып оқушысы. Бұл орталыққа келгеніне көп уақыт бола қойған жоқ. Бірақ қазірдің өзінде Абайдың мүсінін қағаздан құрастырып, енді ермексаздан садақ атып жатқан жауынгердің мүсінін жасау үстінде. 

СНХ САНЖАР ҒИЗЗАТ, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ: Абайдың мүсінін жасап шығуыма бір айдай уақыт кетті. Қазір мына жауынгерді жасап жатырмын. Оған алдымен сымнан қалып жасадым, содан кейін қағазбен қаптадым. Енді ермексазбын сыртын жауып жатырмын. Жақында аяқтаймын.

РКС. Иван Федоровтың сыныбында ағаштан түйін түйетін балалар бар. Түрлі өрнекпен безендірілген бұйымдардың асқан шеберлікпен жасалғанына таң қалмасқа шараң жоқ. Әдемі пейзаждан бастап, жануарлардың мүсіндеріне дейін өзгеше. Әрбірінде қол еңбегі мен ұсақ детальдарға дейін кемшіліксіз салу шеберлігі тұнып тұр.

СНХ ИВАН ФЕДОРОВ, АҒАШ ОЮ ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: біз ұлттық мерекелерге де мұқият дайындаламыз.түрлі дүниелер жасаймыз. Бұл балаларға қолдарын жаттықтырып, шыдамдылық пен төзімділікке үйрететін үйірме. Бір нәрсені бастаған болсаң, соңына дейін жеткізу керек. Біздегі талап осы.//

СНХ САВЕЛИЙ ГУСТ, ВОСПИТАННИК ЦЕНТРА : мен түрлі бұйымдар жасап, ағаш оюдыүйреніп алдым. Менің бірінші жасаған картинам шауып бара жатқан ат болды. Қарапайым ағаштың бұтасынан түрлі заттар жасаудың өзі қызық.

СНХ МАТВЕЙ МАСЛОВСКИЙ, ВОСПИТАННИК ЦЕНТРА: мен бұл жерге үшінші жыл келіп жүрмін. Ағашты күйдіріп, ойып әдемі заттар жасауды үйрендім. Алғашында шағын қорап жасасам, кейін картина жасадым. Қазір міне қасық жасап жатырмын.

РКС. Мына сыныпта қыз балалар түрлі киім үлгісін жасауға машықтанады. Олар ине- жіпті серік етіп қана қоймай, дұрыс өлшем жасау, ұлттық нақыштағы өрнектермен әрлеуге дейін осы жастан үйреніп жатыр.  

СНХ АЙГҮЛ ҚАПАРОВА, «ШЕБЕР ҚОЛДАР» ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: балаларға өзіміздің ұлттық құндылығымызды өзіміздің киімдерімізде, жасап жатқан бұйымдарымызда көрсетіп, үйретіп жатырмын. жасанды интеллектіні де қолданамыз. Мысалы, коллекция жасағанда балаларға айтам замануи көйлек пен біздің ұлттық көйлегімізді қосайық деймін. Соны қосқан кезде ерекше әдемі дизайн шығады. 

РКС. Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында қыздардың дене сымбатына ерекше әсер ететін би үйірмесі де жұмыс істейді. Жаттығуда әр қимыл-қозғалысқа, бойын тік ұстау әдетіне ерекше мән беріледі. Ауыл балаларына жасалып жатқан осындай мүмкіндіктер олардың шығармашылық шабытын оятып, жаңа дүниелер жасауға құлшыныстарын арттырады. 

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ.


Бөлісу