«Қауіпсіз қала» акциясы өтті
ДИКТОР: Облыс орталығында өткен «Қауіпсіз қала» акциясы шеңберінде белсенді жастар бірнеше нысанға мониторинг жүргізді. Еріктілер ашық қалған кәріз құдықтарын тексерді.
РКС: «Жастар рухы» жастар қозғалысының еріктілері ашық люктерді іздеу үшін Застанционный шағын ауданының көшелеріне барды. Акцияның барлық қатысушылары - айналасындағыларға қамқорлық көрсету идеясымен біріккен жастар, студенттер.
СНХ: АНГЕЛИНА МОСИНА, АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ: Шағымдар келіп түседі, бізге тұрғындар да хат жазады. Кішкентай балалардың, сондай-ақ ересектердің, қарттардың люктерге түсіп кетпеуі үшін алдын алу жұмыстарын атқарамыз. Бұл өзекті, маңызды тақырып болған соң көтеріп жатырмыз. Өзіміздің де, балалардың қауіпсіздігі үшін де қажет акция.
РКС: Еріктілер ашық люкті тауып, сол қауіпті учаскені тіркеп, мекенжайын жауапты мекемелерге жібереді. Алдағы уақытта акцияны ұйымдастырушылар есеп дайындап, құзырлы органдардың назарын аудармақ.
СНХ: АХМАТ ТОХАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ: «Жастар Рухы» жастар ұйымы ашық құдықты анықтады. Бізге ескерту келіп түсті. Біздің коммуналдық қызметтер шығып, осы құдықтың бетін жауып тастады.
РКС: Қар жауған кезде ашық құдықтар көрінбей, ол жерлердің қауіптілігі артады. Еріктілер бұған дейін осындай мониторинг жүргізіп, ашық жатқан 15 құдықты анықтаған. Ұйымдастырушылар «Қауіпсіз қала» бастамасы тек ашық люктерді анықтаумен ғана шектелмейді дейді.
СНХ: СҰЛТАНБЕК БЕКЕШЕВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл акция қауіпті инфрақұрылымды анықтауға бағытталған, атап айтқанда, осы құдықтар, бала денсаулығына зиян келтіруі мүмкін балалар алаңдары, шығып тұрған сымдар, трансформаторлар тағы басқалары. Бұған да назар аударамыз. Люктерді ерекше бақылауға алуымыздың себебі балалардың жарақат алған, қайғылы оқиғалар орын алғанын білесіздер.
РКС: Акцияға 150 адам қатысты. Олар үшін ең бастысы туған қаланың көшелерін қауіпсіз етіп, жазатайым оқиғалардың санын азайту.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, НАИР ЗАХОВАЕВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ