Негізгі Жаңалықтар 343 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

343 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды


ДИКТОР: Көкшетауда жыл басынан бері құны 300 миллион теңгеден асатын заңсыз берілген жер мемлекетке қайтарылды. Қалалық прокуратура учаскелерді заңсыз беру фактілерін анықтау бойынша талдау жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдар жер учаскелерін сауда-саттық өткізбей бөлгені анықталды. Бұл Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабын бұзады. Осылайша, жыл басынан бері облыс орталығында жалпы ауданы шамамен 13 гектар жер берілді. Олардың құны 343 миллион теңгені құрады. Прокурорлық қадағалау шараларымен заңсыз берілген жерлер мемлекет кірісіне қайтарылды. Құқық қорғау органдары жер телімдерін беру мен мақсатты пайдаланудың заңдылығы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында екенін еске салады.

Бөлісу