Негізгі Жаңалықтар Астана жәрмеңкесінде өнімнің 50 түрі ұсынылды

Астана жәрмеңкесінде өнімнің 50 түрі ұсынылды


ДИКТОР: Ақмола облысы Астанада өткізілген өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің топтамасын аяқтады. Аймақ кәсіпорындары елордаға мың тоннадан астам өнім, соның ішінде жаңа сойылған ет пен балықтан бастап, бал және көкөністерге дейінгі тауарларды әкелді.

РКС: Қатысушылардың қатарында аймақтағы жетекші кәсіпорындар бар. Сатып алушылар үшін барлығы 140 сауда орны ұйымдастырылды. Өнімдерді тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік болды, ал бағалары нарықтағы орташа бағадан 10–15 пайызға арзан еді.


СНХ: АЗАМАТ ШАЛМАҒАМБЕТОВ, КӘСІПКЕР: Біз сиыр етін, сондай-ақ тартылған ет пен шұжық өнімдерінің толық ассортиментін — яғни өзіміз өндірген өнімдерді сатамыз. Сұраныс, шыны керек, өте жоғары. Әзірге бұл бастапқы кезең болғанымен, адамдар біртіндеп келе бастады. Тұрақты тұтынушыларымыз да бар, сауда жүріп жатыр. Біз «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жұмыс істейтіндіктен, етті ет өңдеу зауыттарындағыдай, 3 200 теңгеге сатамыз. Зеренді ауданының тұрғындары бізге мал өткізеді, ал біз оны өңдеп, сатылымға шығарамыз. Осылайша, өнімді қолжетімді бағамен ұсынамыз.


СНХ: ПАВЕЛ РУБАСОВ, КӘСІПКЕР: Бал шаруашылығымен айналысып келе жатқанымызға 30 жыл болды. Бал жинау маусымында біз күнбағыс пен қарақұмық өсірілетін Павлодар облысына барамыз және жаз бойы Ертіс өзенінің жайылмасында тұрақтаймыз. Қазіргі таңда біздің өнімдеріміздің қатарында мамыр айындағы дала гүлдерінің балы, жазғы дала гүлдерінің балы, қарақұмық қосылған дала гүлдерінің балы және таза қарақұмық балы бар. Сондай-ақ, бізден кәрезді балды, бал ұяшықтарының балауыз қақпақшаларын және ара нанын сатып алуға болады. Бағасына келетін болсақ, ол 2 500 бен 2 700 теңге аралығында — бұл бұрын айтылған бағалардан төменірек.

РКС: Жәрмеңкеде 1000 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылды. Сауда орындарында ет, балық, көкөністер және басқа да тауарлар — барлығы 50-ден астам түрлі өнім қойылды.

СНХ: ФАЙЗУЛЛА ОРДАХАНОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бәрі жақсы қазір Ақмоланың жәрмеңкесі өте әдемі, бәрі нәрсе бар, бағалары қолжетімді. Организаторларға мың рақмет! 200 кг ет алдық. Мен мынандай картошка алып жатырмыз. Бәрі жақсы, сыр алдық, ет алдық, бал алдық. Рахмет организаторларға!

РКС: Айта кету керек, біздің өңір Астананы азық-түлікпен қамтамасыз ететін негізгі көздердің бірі болып қала береді. Қаланың сүт өнімдеріне деген сұранысының шамамен 40 пайызын, етке деген сұранысының 30 пайызын және жұмыртқаға деген сұранысының 80 пайызын біздің өңір өнімдері құрайды.


СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Енді Ақмола ол осы Астананың ғана емес, осы еліміздің бір азық-түлік белдеуі деп айтуға болады. Өйткені қазіргі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қойып жатқан талаптарына сәйкес, осы сүт-тауарлық фермалары, ет фермалары бой көтеріп келе жатыр. Және Ақмола облысы өздеріңіз білесіздер, осы ауыл шаруашылығы егінінің, бидайдың 30 пайызын береді. Сондықтан бүкіл осы мүмкіндігі бар. Қазір енді біздің... бізге қойып жатқан талап — жаңа озық технологиялармен, агрокультурамен осы өнімді ұлғайтып, мынау өзіндік құнын азайтып, осы толық елімізді осындай жақсы, сапалы, таза өніммен қамту.

РКС: Сауда жасаудан бөлек, келушілерді ойын-сауық бағдарламасы күтіп тұрды. Қонақтар үшін концерт, викториналар және жүлделі ұтыс ойыны ұйымдастырылды.


ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.



Бөлісу