Негізгі Жаңалықтар Президент Жолдауы: Қазақстан – халықаралық көлік-логистика хабы

Президент Жолдауы: Қазақстан – халықаралық көлік-логистика хабы


ДИКТОР: Қазақстан транзиттік аумақтың рөлінен халықаралық жүк ағындарының толыққанды ұйымдастырушысына көшуге ниетті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді. Мемлекет басшысының айтуынша, құрлықтағы көлік дәліздерінің маңызы арта түсуде. Енді Қазақстанның міндеті - жүктерді өз аумағы арқылы өткізу ғана емес, отандық тасымалдаушыларды дамыту және транзиттен экономикалық қайтарымды ұлғайту үшін жағдай жасау.

РКС: Бүгінде Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға құрлықтағы жүк тасымалының 85 процентке жуығы өтеді. Бұл ретте ел көлік инфрақұрылымын кеңейтуді жалғастыруда. Осы жылдың тамыз айында Арал-Каспий автомагистралінің құрылысы басталды. Ол Транскаспий дәлізінің қашықтығын шамамен мың шақырымға, ал жүктерді жеткізу мерзімін үш күнге дейін қысқартады деп күтілуде.

СНХ: СӘУЛЕ ӨЗБЕРГЕНОВА ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ ЖЕТКІЗУ ТІЗБЕКТЕРІН БАСҚАРУ МАГИСТРІ: Отандық операторларды дамыту және шоғырландыру орталықтарын құру - бұл біздің транзиттік әлеуетімізді нақты экономикалық салмаққа айналдыруға мүмкіндік беретін тетік. Бұл үшін инфрақұрылымдық база жасалуда. 2026 жылдың тоғыз айында Қазақстан арқылы шамамен 32 миллион тонна жүк тасымалданды. Оған қоса, келесі жылы Аягөз-Бақты желісін іске қосу жоспарланып отыр, ол Қытаймен тауар өткізу қабілетін шамамен 20 миллион тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

РКС: Президенттің жолдауында айтылған маңызды жайт заманауи технологияларды енгізуге және азаматтардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған бастамаларды іске асыру. Бұл үшін өңірлерде оқыту мен дамыту үшін жаңа кеңістіктер ашылуда.

СНХ: НҰРСАЙЫН ӘУБӘКІРОВ, ЕГІНДІКӨЛ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Ақмола облысы Егіндікөл ауданында да осы Жолдауға байланысты біраз іс шаралар жүзеге асырылуда. Ол біріншіден, мүмкіндігі шектеулі балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында аудандық мәдениет үйінің ғимаратында орталықтың ашылуы болса. Жолдауда айтылғандай, ғаламтор мүмкіндігін тек қана ойын сауық уақытты бос өткізу үшін ғана пайдаланбай, оны жасампаздық үшін де пайдалану керек делінді. Егіндікөл ауданының орталықтандырылған кітапхана ғимаратында креатив орталығы ашылды онда тек қана қолөнер бөлімдері ғана жұмыс атқармайды, онда жасанды интеллект туралы.

РКС: Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және жаңа бағыттарды дамыту Жолдауда белгіленген стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін болады. Президент Үкіметке көлік-логистика саласында басталған барлық жобалардың сапалы әрі уақтылы орындалуына қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, НАИР ЗАХОВАЕВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу