Жауынгердің қайда жерленгені 82 жылдан кейін белгілі болды
ДИКТОР: Кіші лейтенант Николай Улегинді туыстары 82 жыл өткеннен кейін қайда жерленгенін білді. «Панфиловшылар» іздестіру жасағы жауынгердің жеке медальонын және сақталған мәліметтер салынған қосымша парақты отбасына табыстады. Іздеу жасағының қажырлы жұмысының арқасында майдангердің тарихын қалпына келтіруге мүмкіндік туды.
РКС: Ұлы Отан соғысына дейін Бұланды ауданының тумасы Николай Улегин ауылдық мектепте мұғалім болып жұмыс істеді. Кеңес Армиясының қатарына 1939 жылы шақырылған. Ол кеңес-фин соғысына қатысып, кейін Ұлы Отан соғысына аттанды. Болжам бойынша, 1941 жылы Николай Улегин Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысып, ауыр жарақат алады. Ұрыстардың бірінде командир қаза болды деп есептеледі. Ол топырақ астында қалған. Алайда, жауынгерлер мәйітті жерлеу үшін топырақ астынан шығарғанда, офицердің тірі екені анықталды. Глазов қаласының госпиталінде емделгеннен кейін Николай Николаевич жаяу әскерлер училищесінде сабақ берді. Училище басшылығы тәжірибелі офицерді майданға қайта жібергісі келмеді, бірақ ол соғысқа қайта оралды. 1944 жылы 17 наурызда кіші лейтенант Николай Улегин Эстонияны азат ету үшін шайқаста қаза тапты. Ол небәрі 28 жаста еді.
СНХ: НАТАЛЬЯ БАРАНОВА, НИКОЛАЙ УЛЕГИННІҢ НЕМЕРЕСІ: Мен атамнан қалған заттардың үйде болғанын қаладым, бірақ ол мүмкін емес. Меніңше қазір атамның қай жерде қаза болғаны емес, оның жасаған ерлігі туралы біраз ақпарат маңызды. Қазір жеті адам қайта жерленді. Қалашықтың аты есімде жоқ. Атамыздың Эстониядағы қалалық зиратта екенін білдік.
РКС: 2025 жылдың мамыр айында Эстонияның Ида-Вирумаа округінде «Front Line» әскери-тарихи бірлестігі кеңес жауынгерлерінің сүйектерін тапты. Олардың арасында Ақмола өңірінің тумасы - 1944 жылы 17 наурызда қаза тапқан деп болжанған 48-ші атқыштар дивизиясы взводының командирі Николай Улегин де бар. Эстониялық іздеушілер қазақстандық «Панфиловшылар» іздестіру жасағынан жауынгердің туыстарын анықтау үшін көмек сұрады. Мұрағаттармен тығыз жұмыс атқарғаннан кейін, осы жылдың мамыр айында Николай Николаевичтің отбасын іздестіруге мүмкіндік туды.
СНХ: ӘЛИЯ САТМУРЗИНА, «ПАНФИЛОВШЫЛАР» ІЗДЕУ ЖАСАҒЫНЫҢ ЖАУЫНГЕРІ: Әр жауынгердің өз сағаты бар дейді ғой. Николай Николаевичтің сағаты 2026 жылы келді, қайда жерленгенін анықтадық. Шешім қабылдап, облыс әкімдігімен байланыстым, оларға және қорғаныс департаментіне үлкен алғыс білдіремін. Жазда Эстония Республикасы бізге Эстония Республикасының аумағында жерленген барлық қазақстандықтардың жатқан жері көрсетілген кітапты алдық. Қазір біз оны пысықтап, облыс, уездер бойынша бөліп, сәйкесінше, оларға ақпарат беру үшін туысқандарын іздейміз.
РКС: Солдат медальонын тапсыру отбасы үшін естелік затты қайтару ғана емес. Бұл - ата-бабаның тарихына жанасу, оның тағдыры туралы көбірек білу және соғыстан оралмаған адамның есімін сақтау мүмкіндігі. Николай Улегиннің дегенмен артында отбасы қалған. Бүгінде оның екі немере, төрт шөбере және жеті шөпшегі бар.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АКПАРАТ