Мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа мүмкіндіктер
ДИКТОР: Нұрсұлтан Назарбаев қорының өкілдері Көкшетау қаласындағы «Қамқорлық» оңалту орталығына барды. Олар мекеменің жұмысымен танысып, мамандарды тыңдады, балаларға көмек көрсетуге қатысты өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ орталықты одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізді.
РКС: Көкшетау қаласында 2022 жылы Нұрсұлтан Назарбаев қоры, облыстық әкімдік және «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен «Қамқорлық» орталығы ашылды. Мұнда тірек-қимыл аппараты бұзылған 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар оңалтудан өтеді. Мекеме заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген, ал жас пациенттермен көпсалалы мамандар тобы жұмыс істейді. Бес жылдық қызметі барысында орталық 3 мыңнан астам баланы қабылдады. Сондай-ақ, орталық қызметкерлері Нұрсұлтан Назарбаев қорының қаражаты есебінен үш кезеңдік оқытудан өтті.
СНХ: АЛТЫН ҚАРТАБАЕВА, «ҚАМҚОРЛЫҚ» ОҢАЛТАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Жалпы алғанда, бізде үнемі оқыту жұмыстары жүргізіліп тұрады. Төрт жыл бойы бізді «Қамқорлық» бағдарламасы аясында оқытты. Біздің мамандар Қазақстанның түкпір-түкпіріне, атап айтқанда Семей мен Атырауға барды. Олар «Қамқорлықтың» ірі орталықтарында ұйымдастырылған оқыту курстарына қатысты. Оқыту жұмыстарының басым бөлігін Ресейден келген мамандар жүргізді. Қазіргі таңда мамандарымыздың 90%-ы тиісті дайындықтан өтті.
РКС: Талқыланған тақырыптардың бірі — аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларға көрсетілетін кәсіби қолдауды кеңейту қажеттілігі. Бұл қадам олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, мұндай пациенттерге көрсетілетін көмек сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
СНХ: АЗАМАТ СҮЛЕЙМЕНОВ, НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгін Көкшетауда аутизм орталығын ашу қажеттігі туралы ұсыныс та айтылды. Бұл – шынымен де өте өзекті мәселе. Мұндай орталық құру – біздің оңалту саласындағы жаңа бастамаларымыздың бірі. Қазіргі таңда еліміз бойынша осындай сегізге жуық орталық ашылды және бұл жұмыс жалғасуда.
РКС: Сапар барысында Қор өкілдері орталық қызметкерлеріне 500 000 теңгелік сертификат табыстады. Бұл қаражат мекемеге қажетті тұрмыстық техниканы сатып алуға жұмсалады. Мұндай кездесулер оңалту орталықтарының жұмысын сол жердің өзінде бағалауға, ағымдағы қажеттіліктерді анықтауға және балаларға көрсетілетін қолдауды жақсартуға бағытталған алдағы қадамдарды белгілеуге мүмкіндік береді.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.