Негізгі Жаңалықтар Алғашқы медициналық көмек қызметкерлері үшін қосымша төлемдер енгізіледі

Алғашқы медициналық көмек қызметкерлері үшін қосымша төлемдер енгізіледі


ДИКТОР: Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында медициналық инфрақұрылымды дамыту, денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігін арттыру және медицина қызметкерлерін қолдау мәселелері қозғалады. Президент бұл жолы да денсаулық сақтау саласы бойынша негізгі басымдықтарды, соның ішінде жаңа медициналық нысандар салуды, алғашқы медициналық-санитариялық көмек қызметтерін жаңғыртуды және жергілікті медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруді айқындап берді.


РКС: Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердегі медициналық инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударды. Бұл ауқымды бағдарламаның бірінші кезеңі шамамен 70 денсаулық сақтау нысанын салуды көздейді. Президент нысандардың уақтылы салынуын ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қаражаттың тиімді жұмсалуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Бұл жұмыстарға шағын және орта бизнес өкілдері тартылмақ. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті деңгейдегі алғашқы медициналық көмек мамандарының жалақысын олардың үздіксіз жұмыс өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырды.


СНХ: НҰРЛАН ЖАРОВ, КӨПСАЛАЛЫ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл біздің 77 мыңнан астам әріптесімізге қатысты болады. Бұл – өте ауқымды бастама.Ол денсаулық сақтау саласындағы барлық қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға және жалақыларын арттыруға елеулі ықпал етеді. Жалпы алғанда, ел Президенті жариялаған барлық бастамалар республикамыздың дамуындағы жаңа тарихи кезеңге қадам басқанын айқын көрсетеді.

РКС: Қазақстанда шамамен жеті миллион бала тұрады, ал жыл сайын 330 мыңнан астам сәби дүниеге келеді. Халық санының осылай өсуін ескере отырып, Президент мамандандырылған медициналық инфрақұрылымды ауқымды түрде дамытуды бастауды тапсырды. Жоспарға сәйкес, еліміз бойынша заманауи сегіз перинаталдық орталық, сондай-ақ Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қаскелең, Семей және Ақтау қалаларында жеті көпсалалы балалар ауруханасы салынады. Бұдан бөлек, Астана қаласында тағы екі медициналық нысанның құрылысы жоспарланған.


СНХ: ВАЛЕРИЙ ДЕБЕЛО, КӨПСАЛАЛЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ауруханамызға келетін болсақ, мұнда да айтарлықтай өзгерістер орын алды. Биыл «Болашақ» оңалту орталығы күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ, біз жоғары сапалы медициналық жабдықтарды, соның ішінде МРТ аппаратын, сараптамалық деңгейдегі ультрадыбыстық зерттеу жүйесін, сондай-ақ анестезия және тыныс алдыру аппаратын сатып алдық. «Болашақ» орталығы үшін роботтандырылған тік тұрғызу құрылғылары, емдік дене шынықтыруға арналған жаттығу кешендері және басқа да жаңа физиотерапиялық құрал-жабдықтар алынды. Алдағы уақытта облыстық көпсалалы балалар ауруханасының алты қабатты ғимаратын жөндеу жоспарланып отыр.


РКС: Бұл бастамаларды іске асыру медициналық көмекке қолжетімділікті жақсартуға және аймақтық денсаулық сақтау саласын нығайтуға көмектеседі. Осылайша, ұлт саулығына көңіл бөлу мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді.

 

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ. 


Бөлісу