Негізгі Жаңалықтар Ректор есебі тыңдалды

Ректор есебі тыңдалды


ДИКТОР: Студенттердің жетістіктері, ғылыми нәтижелері және білім алу үшін жаңа мүмкіндіктер. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде ректордың жыл сайынғы есебі тыңдалды. Кездесуде 2025-2026 оқу жылының қорытындысы шығарылып, білім алушылардың жетістіктері мен оқытушылардың жоғары оқу орнын дамытуға қосқан үлесі атап өтілді. Инновацияларды енгізуге, халықаралық ынтымақтастыққа және сұранысқа ие мамандарды даярлауға ерекше назар аударылды.

РКС: Университеттің игі істері, жұмыстарының жақсы нәтижесі оқытушылардың еңбегі, студенттердің бастамасы, қызметкерлердің қолдауы басты назарда, - деді ректор өз сөзінде. Жеті студент республикалық ғылыми жұмыстар байқауының жүлдегері атанды. Тағы бір жетістік университет командасы HackAlem AI халықаралық хакатонында «Логистика» бағытында екінші орын алды. Жарысқа 21 елден 2,5 мың адам қатысты.

СНХ: ДИАНА СӘБИТОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Стартап-жобаларды, жасанды интеллект және жалпы инновациялар саласындағы жобаларды дамыту үшін шамамен 91 миллион теңге бөлінді. Студенттердің стартаптарын дамытуға бес миллионға жуық қаржы бағытталды. Бұл саладағы өте қызықты стартаптарды біздің студенттер ұсынды. Бұл дәл егіншілік, логистикалық бағдарламалар, қазақ тілін үйрену бойынша бағдарламалар. Жалпы алғанда, қазіргі заманның барлық трендтері өзекті. Сондай-ақ жақында HackAlem AI байқауы өтті. Бұл республикалық хакатон, оған бүкіл Қазақстаннан, сондай-ақ таяу шетелдерден екі жарым мың студент қатысты. Біздің команда логистика бағыты бойынша екінші орынды иеленді. Бұл Қазақстанда алғаш реет өткен қызықты жоба.

РКС: Студенттердің табыстары оқытушылар мен зерттеушілердің ғылыми жұмыстарының нәтижелерін толықтырады. Университетте өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға, экологиялық зерттеулерге және цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған жобалар іске асырылуда. Үш жылға есептелген ірі ғылыми жобалардың бірін қаржыландырудың жалпы көлемі үш миллиард теңгені құрайды. Халықаралық ынтымақтастық та дамып келеді. Университет 26 шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми ұйымдармен келісімдер жасады. Студенттер шетелде оқиды, ал оқытушылар академиялық алмасулар мен бірлескен зерттеулерге қатысады. Жыл нәтижелерінің қатарында білім алушылар санының өсуі де бар.

СНХ: МАРАТ СЫРЛЫБАЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ: Жылдың маңызды жауаптарының бірі Tomorrow School бағдарламалау және жасанды интеллект мектебінің ашылуы. Мұнда оқу дәстүрлі тәсілден өзгеше өтеді. Студенттер өз оқуын өздері ұйымдастырып, бір-бірімен үйренеді. Бұл тәсіл peer-to-peer деп аталады. Солардың қолдауымен 147 студент жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің қаражатына білім алып жүр. Бұл көмек 80 миллион теңгеден асты. Осы мүмкіндікті пайдаланып, жастарды қолдап, өңірдің болашағына үлес қосып жүрген компанияларға қорлар мен ұйымдарға шын жүректен алғыс айтамын.

РКС: Кездесуде қызметкерлердің білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі атап өтілді. Оқытушыларға кәсіби жетістіктері мен адал еңбегі үшін алғыс хаттар мен наградалар табыс етілді. Жыл сайынғы есеп тек қорытындылауға ғана емес, сонымен қатар университеттің дамуын жалғастыратын адамдарды атап өтуге мүмкіндік берді. Студенттердің жетістіктері, ғылыми әзірлемелер мен жаңа білім беру бастамалары ұжым жұмысының жалпы нәтижесі болды.

ИНТЕРШУМ: 

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС САДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


Бөлісу