Республика күні – елдік пен бірліктің мерекесі
ДИКТОР: Көкшетауда Республика күніне орай салтанатты шара өтті. Мерекелік жиында өңірдің дамуына үлес қосып жүрген 50-ден астам азамат түрлі наградалармен марапатталды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Марат Ахметжанов қатысып, жиналғандарды ұлттық мерекемен құттықтады. Тілшіміз Евгений Варанкин айтсын.
STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Салтанатты шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосып, ел мен қоғам игілігі жолында еңбек еткен 60-тан астам азамат марапатталды. Оларға мемлекеттік және ведомстволық наградалар, сондай-ақ облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Бірқатар азаматқа «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағы берілді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ЖАҢБЫРБАЙ ЖАҚИЯЛИН, «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ: Бүгін Республика күніне шарасына қатысып отырмыз. Осындай шараға қатысқаныма қуаныштымын. Үкімет басшысы, облыс әкімшіліктері сыйлап, шақырып, осында. Ерен еңбек үшін берген, соның иесі болып отырмын. Рахмет Президентімізге. Ақмола облысының әкімшілігіне. Солардың ғұмырлары ұзақ болсын. Өмірлері жақсы болсын. Алға басқан Қазақстан көркейе берсін.
СНХ: АЛЕКСАНДР ДВОРЦЕВОЙ, ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ: Бұл – ең жоғары марапат. Мен үшін де, өмірім үшін де үлкен сыйлық. Бұл өте маңызды. Менің өмір жолымда кездесіп, кім болып еңбек еткенімді, қалай өмір сүргенімді түсінген жандарға үлкен құрметпен қараймын. Оларға шын жүректен алғыс айтамын! Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Республика күнімен еліміздің барлық тұрғындарын құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, бақыт және ұзақ та бақытты ғұмыр тілеймін!
STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қоюымен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. Содан бері 25 қазан ел тарихындағы маңызды күн ретінде аталып өтеді. Мерекелік жиында облыс әкімі Марат Ахметжанов бұл күннің тарихи мәні мен ел бірлігін нығайтудағы рөліне тоқталды.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Сіздерді ұлттық мереке – Республика күнімен және тәуелсіздіктің 35 жылдығымен шың жүректен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың асқақ арманы, мемлекетіміздің қалыптасу жолын, елдік санамен ұлттық бірегейлікті айшықтайтын ел тарихында ерекше орны бар мереке. Өткенге тағзым етіп, бүгінгі жетістіктерді бағалап, болашаққа сеніммен қарайтын айтулы күн. Еліміз 35 жыл ішінде халықаралық деңгейде беделді мемлекетке айналды. Біз шекарамызды бекітіп, дипломатиялық қатынастарды дамытып, әлем елдерінің өзара тиімді әріптестік орнаттық. Осы жылдар ішінде еліміз күрделі кезеңдерден өтіп, өзіндік даму жолын құрды. Бүгін Қазақстан экономикасы дамыған мықты мемлекет.
STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Республика күніне арналған кеші мерекелік концертке ұласты.
ИНТЕРШУМ:
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ