Қала тұрғындары марапатталды
ДИКТОР: Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайында салтанатты іс-шара өтті. Республика күні қарсаңында қала әкімі Әнуар Күмпекеев туған өлкесінің гүлденуі мен дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматты марапаттады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Іс-шараға шақырылған қонақтарды ұйымдастырушылар әсем әуенмен қарсы алды. Шараға еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтар жиналды. Олардың қатарында спортшылар, дәрігерлер, көпбалалы аналар және өзге де қайраткерлер бар.
СНХ: АЙЖАН БЕГАЛИНА, «АЛТЫН АЛҚА» ИЕГЕРІ: Мен жеті баланың анасымын. Бүгін Республика күніне орай мені алтын алқамен марапаттады. Өте қуаныштымын. Рахмет баршаңызға. Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын. Республика күні құтты болсын.
РКС: Шаһар басшысы Әнуар Құмпекеев өңірдің дамуы - Қазақстанның игілігі үшін аянбай тер төккен жандардың еңбегі екенін атап өтті. Мұғалімдер мен ардагерлердің тәжірибесі, жастардың құлшынысы мен жаңа идеялары - қаланың өсуіне ықпал етеді. Басқосуда білім беруді дамытуға да ерекше назар аударылды.
СНХ: ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Көкшетаудың дамуы да осындай күнделікті еңбектің нәтижесі. Өз үшін қаланың көркеюі тұрғындардың тынысымен, балалардың мүддесімен, үлкендердің амандығымен өлшенеді. Жастарымыз туған қалада білім алып, еңбек етіп, өз болашағын құруға тиіс. Әрбір жобаның түпкі мақсаты - адамға қызмет ету.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Көкшетаулықтар қала және облыс әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты шара соңында қала тұрғындары Қазақстан Республикасы күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концертті тамашалады.
ИНТЕРШУМ:
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, НАИР ЗАХОВАЕВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.