Арқаның әні – үндістан төрінде!
ДК: Зеренді ауданының өнерпаздары Республика күніне орай Үндістан Республикасының астанасы Нью-Дели қаласында өнер көрсетті. Осылайша қазақтың ұлттық музыкасы мен ән өнерін халықаралық деңгейге шығарды.
Интер шум:
РКС: Өнерпаздардың басты мақсаты – Арқа өңірінің бай музыкалық мұрасын дәріптеп, ұлттық өнерімізді шетел төрінде насихаттау, қазақ халқының рухани құндылықтарын әлемге таныту. Үндістан астанасында қазақтың қоңыр үні күмбірлеп, Арқаның әсем әндері шырқалды.
Интер шум:
РКС: Жергілікті өнерпаздар ұлттық аспаптарымыздың үні арқылы халқымыздың бай мәдениеті мен дәстүрін таныстырып, Қазақстан мен Үндістан арасындағы мәдени байланыстардың нығаюына үлес қосты. Мәдени шарада тек қазақтың ән өнерін ғана емес, Үнді елінің де әсем әндерін шырқады. Мәдени іс шараны Үндістанда жүрген қазақстандықтар да тамашалап, елге деген сағыныштарын жеткізді.
Интер шум:
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, АЛМАЗ СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ