Құқықтық сауаттылық жастардан басталады
ДИКТОР: Қоғамның құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекетпен өзара іс-қимылды нығайту. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Қоғам және құқық: тәртіп үшін диалог» атты кездесу өтті. Оған қатысушылар заңдылықты сақтаудың өзекті мәселелерін және азаматтардың құқықтық тәртіпті нығайтудағы рөлін талқылады.
РКС: Кездесуге қоғамдық ұйымдардың өкілдері, полиция қызметкерлері, белсенді азаматтар мен студенттер шақырылды. Басты назарда - құқықтық мәдениет, азаматтық жауапкершілік және жас ұрпақтың қоғам өміріне араласуы. Үкіметтік емес ұйымдардың рөлі мен жастардың құқықтық құндылықтарды ілгерілетудегі мүмкіндіктері жеке қаралды.
СНХ: ГҮЛНӘР ОРАЗБАЕВА, «ЗЕРДЕЛІ ҰРПАҚ» ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Біз жаңа Конституцияның призмасы арқылы, үкіметтік емес ұйымдардың қалай жұмыс істейтінін, жастардың құқықтық тәртіпке қатысты көзқарасын білеміз. Қоғам және құқық, тәртіп және диалог. Бұл іс-шара жастарға арналған.
РКС: Студенттер үшін кездесу ортақ құқықтық қағидаларды ғана емес, оларды күнделікті өмірде қолдануды да талқылауға мүмкіндік болды. Оқытушылар және құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге жастар түрлі жағдайларда қалай әрекет ету және көмек сұрауға қайда жүгіну керектігін білді.
СНХ: ДАНИЯЛ РАЖАПОВ, СТУДЕНТ: Бүгінгі диалог кездесуінде біз көптеген жаңалықтарды білдік, өйткені ол ең алдымен студенттер мен жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған. Құқық кафедрасының оқытушыларымен, құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, біз күнделікті өмірде бізге көмектесетін барлық маңызды мәселелерді, құрылымды, принциптерді, құқықтық міндеттерді талқыладық, жастар кімге, қашан жүгіну керектігін және не істемеу керектігін біліп жатырмыз. Мен болашақ заңгермін, мамандығым - құқықтану. Алдағы уақытта осы салада еңбек етемін деп үміттенемін.
РКС: Мұндай кездесулер жастарға құқықтық мәселелерді жақсы білуге, өз құқықтары мен міндеттерін түсінуге көмектеседі. Сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен студенттер арасындағы ашық диалог құқықтық мәдениет пен заңға жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
МАҚПАЛ АЙБАИНА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ