Шалғайдағы елді мекендер сапалы байланыспен қамтылады
ДИКТОР: Ақмола облысында ауылдардағы мобильді байланыс сапасын жақсартып, жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікті арттыру жоспарланып отыр. Осы мақсатта облыстық цифрландыру және архивтер басқармасы «Ауыл Телеком» компаниясымен меморандумға қол қойды.
РКС: 13 қазанда жасалған келісім аясында мамандар алдымен ауылдардағы байланыс сапасын зерттейді. Зерттеу нәтижесіне қарай жаңа мұнаралар орнату және өзге де техникалық шешімдерді іске асыру мәселесі қарастырылады.
СНХ: МӨЛДІР БАЙМАҒАНБЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Ақмола облысында мобильді байланыс жоқ немесе нашар 90 аумақ анықталған. Қазір байланыс операторлары оның 71-індегі мәселені шешті. Қалған 19 аумақта жұмыс жалғасып жатыр. Басқарма аудандық және қалалық әкімдіктермен бірлесіп, байланыс мұнараларын орнатуға жер телімдерін таңдауға және қажетті техникалық шарттарды алуға көмектеседі. «Ауыл Телеком» компаниясымен әріптестік байланыс сапасына қатысты мәселелерді шешуге қосымша мүмкіндік береді.
РКС: Жұмыс бірнеше кезеңмен жүргізіледі. Алдымен байланыс сапасы төмен аумақтар анықталып, әрқайсысына қажетті техникалық шешім ұсынылады. Нәтижесінде шалғай ауыл тұрғындарының сапалы мобильді байланыс пен жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділігін арттыру көзделіп отыр.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ