Негізгі Жаңалықтар Көкшетауда Бірлік саябағы ашылды

Көкшетауда Бірлік саябағы ашылды


ДИКТОР: Ақмола өңірінде 100-ден астам этнос өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп, ынтымақ пен бірлікті ту етіп келеді. Көкшетауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында Достық үйінің жанынан «Бірлік» саябағы ашылды. Салтанатты рәсімде өңір басшысы Марат Ахметжанов пен этнос өкілдері алғашқы көшеттерді отырғызып, жасыл желекке жан бітірді. 

ИНТЕРШУМ: 

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл 1 күндік акция емес екендігін біз нақты бір істермен дәлелдеп келе жатырмыз. 5 жылдың ішінде 74 млн түп көшет отырғызылды. Биылдың өзінде 16 млн түп. Келесі жылы 50 млн түп отырығызамыз. Сонда Ақмола облысында 150 млн түп көшет дегеніміз ол ертеңгі қалың ормандар. Осы президенттің бастамасы, қазір еліміздің бойына әдет болып қалыптасып, күнделікті сұранысы бар шараға айналуы бізді қуантады. 

РКС: Игі бастамаға қала жастары да зор қолдау білдірді. Бірлік саябағының ажарын ашып, тынысын кеңейтуге бағытталған игі іске жоғары оқу орындары мен колледждерден жиналған 100-ге жуық студент белсене атсалысты. 

СНХ: ЕРКІН БЕЙБІТОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Біз үшін ерекше күн. Өзіңіз көріп отырғандай бізде Бірлік саябағы ашылуда. Біз студенттер атынан белсенді қатысып жатырмыз. Осы жыл басталғалы біз кез-келген шараларға белсені қатысып, өзіміздің студенттерді ортаға шығарудамыз. Келер жылы да белсенді қатысуға уәде береміз. Қаланың дамуына өз үлесімізді қосқымыз келеді. 

СНХ: ЖАЙНА МЫРЗАХМЕТ, А. МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Бүгін университеттің атынан 30 шақты студент келіп отырмыз. Осы «Бір ағаш кессең, 10 ағаш ек» деген ниетпен, осы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына келіп отырған жайымыз бар. Барлық Қазақстандықтарды осы акцияға қосылуға шақырамыз.  

РКС:Жаңа саябаққа 70-тен астам көшет отырғызылып, айналаға ерекше сән мен көрік сыйлады. Жайқалған жасыл желекпен көмкерілген саябақ қаланың ажарын ашып, табиғатқа жан бітіре түсті. Татулық пен тұтастықтың, бірлік пен берекенің символына айналған бұл саябақ уақыт өте келе қала тұрғындары мен қонақтары тынығып, табиғат аясында жан сергітетін сүйікті демалыс орнына айналары сөзсіз. 

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу