Жас талғамайтын «Жігер» спартакиадасы
ДИКТОР: Спорт ұрпақтарды біріктіреді, белсенді өмір салтын сақтауға көмектеседі және өзін-өзі таныту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Жарқайың ауданында өткен дәстүрлі «Жігер» аудандық спорттық жарысына зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.
РКС: Жарыс Державинск қаласындағы спорт және фитнес кешенінде өтті. Ойындарға ауылдық округтер мен аудан орталығынан қатысушылар жиналды. Бағдарлама үш спорт түрін шахмат, дойбы және үстел теннисін қамтыды. Жарыс басталмас бұрын, аудандық ардагерлер кеңесінің, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшылары қатысушылар мен қонақтарға арнап құттықтау сөз сөйледі. Олар спортшыларға зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй және табыс тіледі.
СНХ: ОЛЬГА МАРЦИНКЕВИЧ, ПРИГОРОДНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін Державин қаласында «Жігер» спартакиадасы өтті. Өте жақсы! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, қуаныш және отбасылық амандық тілеймін. Мерекелеріңізбен құтты болсын!.
РКС: Спартакиада соңында барлық қатысушыларға медальдар, жетістіктері үшін грамоталар және бағалы сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылар іс-шараны өткізуге демеушілік жасап, қолдау көрсеткені үшін Державинск қаласының кәсіпкері Вахид Буднятовқа алғыстарын білдірді. «Жігер» спартакиадасы тек жүлделер үшін бақ сынауға ғана емес, сонымен қатар пікірлес жандармен танысып, тәжірибе алмасуға және жағымды, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын ортада уақыт өткізуге мүмкіндік берді.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.