Негізгі Жаңалықтар Санитариялық бақылау – цифрлық форматта

Санитариялық бақылау – цифрлық форматта


ДИКТОР: Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысына цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Арнайы ақпараттық жүйелер мамандарға қажетті мәліметтерді жедел алуға, санитариялық талаптардың сақталуын бақылауға және халықтың денсаулығына төнуі мүмкін қауіптерді уақтылы анықтауға көмектеседі.

РКС: Негізгі құралдардың бірі «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесі. Ол өнім сапасын бақылаумен қатар, қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуін де қадағалауға мүмкіндік береді. Жүйеде қызметкерлердің жеке медициналық кітапшалары туралы мәліметтер көрсетіледі. Егер құжаттың жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары заңбұзушылықты жедел анықтап, оны жою жөнінде ұйымға ұсыным жібере алады.

СНХ: СЕРІК ОМАРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Тиісті хабарлама жолдаймыз. Жұмыс берушілер бірден кері байланыс орнатады. Қызметкерлер медициналық тексеруден өтеді. Ал біз мұның бәрін ақпараттық жүйеден көріп отырамыз. Жұмыс беруші хабардар етеді, қызметкер медициналық тексеруден өтеді. Бұл жерде емханалар мен зертханалар қызмет көрсетеді. Қазір барлық ақпараттық жүйелер өзара интеграцияланған. Яғни адам жеке немесе мемлекеттік зертханаға жүгінсе де, оның мәліметтері жүйеде бірден көрінеді.

РКС: «ИС СЭН» жүйесі вакцинация саласын да қамтиды. Биыл қаңтар айынан бастап Қазақстанда вакцинация бойынша есептілік толықтай электронды форматқа көшірілді. Бұл вакциналардың қолда бар қорын және қозғалысын қадағалауға, сондай-ақ халықты иммундаумен қамту деңгейін бақылауға мүмкіндік береді.

СНХ: СЕРІК ОМАРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Жүйе өте ыңғайлы. Ол вакцинациямен қамтудың толықтығын уақтылы бақылауға мүмкіндік береді. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін ай сайын халықтың 7,9 пайызын вакцинациялау қажет. Бұған бір жасқа дейінгі балалар, бір жастағы балалар, алты жастағы балалар және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер кіреді. 16 жаста соңғы екпе салынады. Біз барлық мәліметті «Вакцинация» модулі арқылы бақылап отырамыз. Қазір бағдарлама толыққанды жұмыс істеп тұр. Медициналық ұйымдармен байланыс жолға қойылған. Нәтижесінде жоспарлы екпемен қамту көрсеткіші артты деп айтуға болады.


РКС: Цифрлық форматқа көшу нақты нәтижесін беріп отыр. Жыл басынан бері e-sen.kz платформасының көмегімен деректерді қолмен өңдеу көлемі қысқарып, электронды есептілік көлемі 47,5 пайыздан астам өсті. Енді бизнес субъектілеріне арналған ұсынымдарды дайындауға бұрынғыдай екі күн емес, шамамен 15 минут жұмсалады. Ал бақылаудағы нысан туралы ақпаратты алу уақыты үш күннен бір сағатқа дейін қысқарған.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу