14 қазан – Халықаралық стандарттау күні
ДИКТОР. Техникалық реттеу мен метрологияның басты міндеті — өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты сапасыз тауарлардан қорғау және елдегі өлшемдердің бірізділігі мен дәлдігін сақтау болып табылады. Бұл екі сала өзара тығыз байланысты және олардың әрқайсысының мемлекеттік деңгейде өзіндік нақты міндеттері бар. 14 қазан-халықаралық стандарттау күні. Жыл сайын бұл күн жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған арнайы ұрандармен өтеді.
РКС. Ақмола облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология департаментінің негізгі міндеті «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Сәйкестікті бағалағауды аккредиттеу туралы», «Зергерлік өнемдерді өткізу кезінде сапалы бұйымдар, асыл тастар туралы» заңнамалардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізуді қамтиды. Ағымдағы жылдың тоғыз айында департамент 154 бақылау іс-шараларын жүргізген, оның ішінде 130 іс-шараның нәтижесінде 34 құқық бұзушылық анықталған. Әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бақылау шараларының саны 9 есеге өскен. Департаментке келетін өтініштердің шамамен 80 пайызы өнімдерге, өлшеу құралдарының көрсеткіш сертификаттарының, басқа да құжаттарының болуына қатысты.
СНХ ӘСЕМ ӘУБӘКІРОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Біздің жұмысымыздың нәтижесі, күнделікті өмірде де кездестіруге болады. Ол, дүкендер мен сауда орталықтарында орналастқан таразыларға мемлекеттік бақылауды жүргіземіз. Әр таразының салыстыру сертификаттары болу керек, және де білім беру, медициналық мекемелерде қолданылатын өлшеу құралдарына да назар аударылады. Яғни, әр өлшеу құралдарының салыстыру, сертификаттау құжаттары болуы тиіс. Сонымен қатар күнделікті өмірде азық-түлік, басқа да өнімдерді дүкеннен сатып аламыз. Ол өнімдерге де техникалық регламент талаптары қойылады.
РКС. Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы Ақмола облыстық филиалының сынама зертханасында жергілікті жерде өндірілетін және шығарылатын азық-түлік өнімдерінің бәрі дерлік тексерістен өтеді және тұтынуға болатындығы расталады. Қажетті құжаттарын осы жерде рәсімдеген жандар ғана өзінің өнімін халыққа қорықпай ұсына алады.
СНХ НҰРГҮЛ МҰСТАФИНА, ҰЛТТЫҚ САРАПТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ОРТАЛЫҒЫ АОФ СЫНАМА ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: біз сонымен қатар, химиялық кәсіпорын өнімдерін де тексерістен өткіземіз. Олар тыңайтқыштар, пестициттер. Топырақты агрохимиялық құрамына да тексереміз, судың физикалық-химиялық құрамына да зерттеу жүргіземіз. Біздің зертхана аккредитациядан өткен ауқымды кешен саналады. азық-түлік құрамындағы майлар, белок, крахмал, майлы, бұршақ дақылдардың сапаға,, қауіпсіздікке тексеріледі.
РКС. Халық күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерінің сапалы, әрі денсаулыққа зиянсыз болуынан мүдделі жандар осы зертханада тыным таппай тексеріс жұмыстарын мұқият жүргізеді. Олардың әр сынамасы еш қатесіз болуы маңызды. Сондықтан әрбірінің жауапкершілігі –халықтың жағдайын ойлаумен байланысып жатыр.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ.