Негізгі Жаңалықтар Көкшетаудағы көппәтерлі 320 үй жаңғыртуды қажет етеді

Көкшетаудағы көппәтерлі 320 үй жаңғыртуды қажет етеді


ДИКТОР: Қаланың келбеті Көкшетаудағы заманауи талаптарға сай келеді. Ескі үйлерді жөндеумен қатар мұнда көппәтерлі үйлерді жаңғырту басталды. Быковский көшесіндегі нөмері 5 үйде алғашқы көп қабатты үй күрделі жөндеуден өтті. Мұндағы жұмыс нәтижесімен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов танысты.

РКС: Анна Попкова Быковский көшесіндегі 5-ші үйдің алғашқы тұрғындарының бірі. Осы жылдар ішінде тұрғын үйге мүлдем күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Енді жағдай әлдеқайда жақсарды. Кіреберістер мен пәтерлер жылы, ал коммуникация мен ғимараттың сыртқы келбеті толығымен жаңартылды.

СНХ: ЗАИДА БОЖКЕЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Үйімізді қабылдап алуда бүгін. Біз өзіміз жақсы деп қабылдадық, өзімізге ұнайды. Мен бірақ көп тұрмаймын, осында екі-ақ жыл тұрамын, дегенмен осы жөндеу жасаған жұмыстар өте сапалы, жақсы деп ойлаймын. 

РКС: Жөндеудің жалпы сомасы 97 миллион теңгені құрады. Құрылысшылар шатырды толығымен жаңартып, тозығы жеткен инженерлік желілерді, электр сымдары мен кіру топтарын ауыстырды. Сондай-ақ, пластикалық терезелер орнатылды. Меншік иелерінің ай сайынғы қайтару ақысы шаршы метріне шамамен 170 теңгені құрайды. 

СНХ: НАДЕЖДА СЫСОЕВА, МҮЛІК ИЕЛЕРІ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Үйдің шатыры толығымен жаңартылды, біз оны плитаның астына түсірдік. Барлығы жаңа материалдар. Барлық электро желілер, кабельдер ауыстырылды, жаңа жабдықтар қойылды. Жалпы алғанда, жөндеу жұмыстары өте жақсы жүргізілді. Кіреберістердегі сылақ, баспалдақтың сүйеніштері ауыстырылды, әрлеу жүргізіліп, гипсокартонмен қапталды. Оған қоса, біз тамбур салып, соның арқасында кіреберіс жылынды.

РКС: Жаңғырту бағдарламасы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту тұжырымдамасы аясында 2029 жылға дейін дайындалған. Қаржыландыру мемлекеттiк бюджет есебінен түседi. Оператор тұрғындарға 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге пайызсыз негізде қаражат береді. Меншік иелері ақшаны жоспарлы түрде ай сайынғы төлемдер арқылы қайтарады. Тұрғындар мен мүлік иелері бірлестігі мердігерлерді дербес таңдайды және барлық процесті бақылайды.

СНХ: ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз кондоминиум нысанын рәсімдедік, мүлік иелері бірлестігі жерге акт алды, техпаспорт рәсімдеді, әділет органдарында тіркеу жүргізді, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алдық. Көпқабатты тұрғын үйді жаңғыртуға қатысуы туралы пәтерлер мен үй-жай иелерінің жалпы жиналысын өткізді. Содан кейін техникалық тексеру жүргізілді, жоба сметалық құжаты әзірленді, тиісті сараптама жасалды. Мердігер ұйымды таңдау бойынша жалпы жиналыс өткіздік. Жөндеу жұмыстары 3 айдың ішінде аяқталып, пайдалануға берілді.

РКС: Облыс орталығында барлығы 320 үй жөндеуді қажет етеді. Олардың 107-сі бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Көкшетауда көп қабатты үйлерді жөндеуден басқа төрт үйдегі бес лифтіні ауыстыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу