Негізгі Жаңалықтар Ауданда зейнеткерлерге 11 миллион теңге өтемақы төленді

Ауданда зейнеткерлерге 11 миллион теңге өтемақы төленді


ДИКТОР: Целиноград ауданында зейнеткерлерге жергілікті прокуратураның араласуымен 11 миллион теңге өтемақы төленді. Құқық қорғау органдары еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына талдау жүргізді. Тексеру барысында білім саласында жұмыс істейтін зейнеткерлік жасқа толған адамдардың еңбек құқықтарының бұзылуы анықталды. Прокуратура қызметкерлері зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкерлермен еңбек қатынастарын тоқтату кезінде жұмыс берушілердің заңнама талаптарын тиісінше сақтамау фактілерін анықтады. Атап айтқанда, оларға заңда көзделген өтемақы төленбеген. Прокуратураның араласуы нәтижесінде аудандағы 68 зейнеткердің конституциялық және еңбек құқықтары қалпына келтірілді. Оларға 11 миллион теңге көлемінде өтемақы төленді.

Бөлісу