Негізгі Жаңалықтар «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі көкшетауда өнер көрсетті

«Тұран» этно-фольклорлық ансамблі көкшетауда өнер көрсетті


ДИКТОР: Халықаралық деңгейде өнер көрсетіп, қазақтың көне ұлттық аспаптарын жаңғыртумен қатар оны жан-жақты насихаттап жүрген «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның сахнасында ақмолалықтарға әдемі сазды кеш ұсынды. Осы кезге дейін әлемнің 148-ден астам қаласында болып, 4 мыңға жуық концерт берген ұжым бұл жолы да қайталанбас дара қалпымен сахнаны әсем күйге бөледі.  

Интершум: 

РКС: «Тұран» 2008 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері құрған танымал қазақстандық этно-фольклорлық ансамбль. Ұжым көне түркі музыкалық мұрасын қайта жаңғыртып, дәстүрлі аспаптардың үнін заманауи бағытпен ұштастыру арқылы әлемдік деңгейде танылған. Топ құрамында 50-ден астам аспапты еркін меңгерген бес мультиинструменталист бар. Ансамбль әлем елдерінде мыңдаған концерт беріп, Нью-Йорктегі «Карнеги холл», Вашингтондағы «Кеннеди орталығы» және Берлиндегі «Концертхаус» сияқты әйгілі сахналарда өнер көрсеткен.

СНХ: МЕДЕУБЕК МАҚСАТ, «ТҰРАН» ЭТНО-ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ: Шетелде қазақтың ұлттық музыкасына деген қызығушылық өте жоғары. Европаға тур жасадық, жақында Жапонияға барып қайттық. 9-ға жуық концерт беріп қайттық. Барлық жерде қазақтар бар, олардың бірі біледі, бірі білмейді. Бізді көбінесе продюсерлік орталықтар шақырады. Негізгі көрерменіміз –шетелдіктер.

На русском СНХ СЕРИК НУРМОЛДАЕВ, УЧАСТНИК ЭТНО-ФОЛЬКЛОРНОГО АНСАМБЛЯ «ТҰРАН»: Отличительной стороной является формы наших композиций, а также максимальная приближенность к природе, к природным явлениям, природным звукам. Как всем известно, тюркское мировоззрение очень тесно связано с природой, поэтому в нашем творчестве оно имеет особое место, например наши инструменты, без опреленной отзвучки, умеют издавать голоса природы. 

РКС: «Тұран» ансамблі көпшілікке кеңінен танымал домбыра мен қылқобыздан бөлек, кезінде ұмыт бола жаздаған сирек кездесетін көне түркі аспаптарын сахнаға қайта әкелуімен ерекшеленеді. Көбінесе табиғаттың құбылыстары мен құстардың дауысын салуға қолданылатын сазсырнай, дала желі мен боранның атмосферасын жеткізу үшін пайдаланатын үскірік, жауынгерлік рухтан хабар беретін қуатты үрмелі шыңырау мен мүйіз сырнай, ырғақты шертер, шіңкілдек сияқты аспаптардың үні әр күйді әрлеп, талғампаз көрерменге ерекшелеп жеткізуімен құнды. 

 

СНХ: ЗӘМЗӘГҮЛ ІРГЕБАЕВА, КӨРЕРМЕН: «Тұран» туралы көптен естіп білеміз. 2008 жылы құрылғанын білеміз. Инстаграмнан, Ютубтан қараймыз.қазақтың дәстүрлі күйлерін, түркі әуендерін жаңашалап, заманауи технология тіліне ауыстырып жүрген ансамбль.

СНХ: БАНУ ҚҰРМАШҚЫЗЫ, КӨРЕРМЕН: Біздің көне ұлттық аспаптарымызды насихаттап жүр.шетелде көбі таң қалып тыңдап, керемет композиторлар келіп тыңдап жатыр.өте қуаныштымын, біздің ұлттық аспаптардың әлемге көтеріп, танытып жүргендеріне.

СНХ: НҰРЛАН МҰХАМБЕТАЛИН, КӨРЕРМЕН: Еліміздің беткеұстар азаматтары, өздері түрлі-түрлі біздің бұрынғы ата-бабаларымыздың аспаптарында ойнайды. «Тұранды» тыңдағанда ерекше рухтанам.

РКС: Ансамбльдің тағы бір ерекшелігі - әр күйдің, әр композицияның шығу тарихын көрерменге әңгімелей отырып, орындайтынында. Сонда ғана әр шығарманың мазмұны халыққа жетіп, тыңдаған кезде көз алдында тұтас бейне пайда болады. Ал әр туындыны өздерінше әрлеп, даланың үнін қосып, табиғатпен астастыра жеткізудегі шеберліктеріне тәнті болған әр адамның көпке дейін әсем сазбен әлдиленіп жүрері сөзсіз.  

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЕЛДОС ЖӘРКЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

  


Бөлісу