«Жас сарбаз» қозғалысының слетіне 80-нен астам оқушы қатысты
ДИКТОР: Көкшетауда өткен «Жас сарбаз» қозғалысының слетіне аймақтағы мектептерден 80-нен астам өскелең ұрпақ қатысты. Бұл шара жастарды Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, олардың арасында командалық рухты нығайтуды көздейді.
РКС: Автоматты шашып, қайта жинау слетке қатысушылар үшін үйреншікті әдетке айналған десе де болады. «Жас Сарбаз» 2018 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған қозғалыс. Бүгінде оның бөлімшелері аймақтың барлық мектебі мен колледждерінде жұмыс істеп тұр. Бұл жолғы слет Отанға деген сүйіспеншілік, командалық рух, темірдей тәртіптің бос сөз емес екенін ұғынған жастардың басын қосты.
СНХ: ДАНИЛ КУЧИНСКИЙ, СЛЕТКЕ ҚАТЫСУШЫ: Бізде «Жас сарбаз» үйірмесі жұмыс істейді. Автоматтарды шашып, қайта жинаймыз, түрлі шараларға қатысамыз. Мұражайларға, колледждерге, әскери бөлімдерге барамыз. Үйірме мүшелері сайыстарда жүлделі орындарды да еншілеп жүр. Мұндай шараның пайдасы зор. Өйткені, болашағын әскери өмірмен байланыстырғысы келетіндері үшін қажет.
РКС: Мұндай кездесулер бастамашыл әрі жауапкершілігі мол балаларды тәрбиелеуге ықпал етері сөзсіз. Облыстық қорғаныс департаментінің өкілдері алдағы уақытта осындай шаралардың ауқымын кеңейту қажет деп есептейді.
СНХ: ЕРБОЛАТ ӨТЕПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Менің ойымша, дәл осындай шаралар өскелең ұрпақтың бойына әскери-патриоттық рух қалыптастырады. Мұндай шараларды облыстық форматта ғана емес, аудандық деңгейде де ұйымдастырған дұрыс. Ол ең алдымен Қазақстанның Қарулы Күштерінің беделін көтеруге үлес қосады.
РКС: Слеттің практикалық бөлігі 5510-шы әскери бөлімде өтті. Қатысушыларға әскери өмірдің ішкі көрінісі, қызмет барысы көрсетілді. Ал соңында өскелең ұрпақ диалог алаңында әскери қызметшілер мен осы саланың ардагерлеріне түрлі сауалдар қойып, пікір алмасты.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ