Негізгі Жаңалықтар Прокуратура $600 млн. инвестициялық жобаны қорғап қалды

Прокуратура $600 млн. инвестициялық жобаны қорғап қалды


ДИКТОР: Ақмола облысының прокуратурасы халықаралық компанияның ірі инвестициялық жобасын жүзеге асыруға кедергі келтірген процессуалдық кедергіні жойды. Бурабай ауданында алтын өңдеу зауытының құрылысына 600 миллион АҚШ долларынан астам шетелдік инвестиция тартылуда. Кәсіпорын іске қосылса, жылына 10 миллион тонна кен өңдей алады. Бірақ, жоба аясында құрылыс жұмыстарының кешігу қаупі туындаған еді. Экологиялық рәсімдерден өту қажеттілігі дайындық жұмыстарын келер жылдың сәуір айына дейін кейінге қалдыру қаупін тудырды. Бұл жағдайда прокуратураның бастамасымен экологиялық бағалаудың қысқартылған тәртібі қолданылды. Осылайша, құқық қорғау органдары инвестицияларды іске асыру мерзіміне әсер еткен кедергіні жоюға көмектесті. Сонымен бірге қоршаған ортаға теріс әсердің болмауын қамтамасыз етті. Қадағалаушы орган тиісті рәсімдер аяқталғанға және жүзеге асырылғанға дейін жобаны қолдауды жалғастыруға уәде берді. Зауыт іске қосылған сәтте елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға, жұмыс орындарын құруға және салық түсімдерін арттыруға септігін тигізбек. 

Бөлісу