Негізгі Жаңалықтар «Көкше энерго» серіктестігінің құрылымдары арасында спартакиада басталды

«Көкше энерго» серіктестігінің құрылымдары арасында спартакиада басталды


ДИКТОР: Шаһарда «Көкше Энерго» серіктестігінің қызметкерлері арасында Энергетиктер күніне және Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орайластырылған дәстүрлі спартакиада өтіп жатыр. Бір айға жоспарланған жарыс аясында бүгін қатысушылар волейбол мен дартстан өзара мықтыны анықтады. Спорттық шараның барысын тілшіміз Евгений Варанкин тамашалап қайтты.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Жыл сайын ұйымдастырылатын спартакиаданың басты мақсаты – ұжым арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлердің спортқа деген қызығушылығын арттыру және командалық бірлікті нығайту. Бір айға созылатын жарыс бағдарламасына волейбол, дартс, үстел теннисі, шахмат, дойбы, футбол, тоғызқұмалақ және гір көтеру сынды спорт түрлері енгізілген.

СНХ: ДОСЫМХАН АРАЛБАЕВ, «КӨКШЕ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Біздің азаматтар тек қана еңбек ету ғана емес, салауатты өмір салтын, тұрмыстағы жағдайды да өзінің өмірінде қолдану. Сондықтан біз жыл сайын өзіміздің екі мереке қатар келеді. Бірі Тәуелсіздік күні, екіншіден біздің төл мерекеміз Энергетиктер күні. Сондықтан осы екі мерекеге орайластырып, осындай жылдың аяғында, өзіміздің жоспарлы түрдегі жылдық қорытындыларын аяқтай келе үлкен ойын, жарыс, спартакиадамызды өткіземіз.

РКС: Биылғы спартакиадаға Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аудандарынан келген 10 команда мен Көкшетау қаласының негізгі құрамасы қатысуда. Олар жарыс барысында спорттың бірнеше түрінен бақ сынап, өз командаларының намысын қорғауда. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай басқосулар әріптестер арасындағы ынтымақтастықты арттырып, еңбек ұжымының ауызбіршілігін нығайтуға ықпал етеді.

СНХ: ӘСЕТ ЕДІГЕЕВ, «КӨКШЕ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Осы жарыстарға екінші рет қатысып жатырмын. Әр жыл сайын жарыс өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Осы жылы өзіміздің «Көкше Аренамызда» өтіп жатыр. Соған рақмет. Барлықтарына тілейтінім тек ғана сәттілік, ойындары жарақатсыз өтсін. Келесі жұма, 20-сы күні футболдан жарыс болады. 27-сі күні үстел теннис болады. Сонымен қатар қазір дартс ойыны өткізіледі. Келесі жұмада футболмен қатар тоғызқұмалақ, шахмат ойындары өтеді. 

РКС: Бүгін волейболмен қатар дартстан да тартысты бәсекелер өтті. Бұл сайыста Көкшетау қаласының «Көкше Энерго» командасы үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынға ие болды. Айта кетейік, жарысқа жас қызметкерлермен қатар мекеменің ардагерлері де белсенді қатысуда. Олар үшін спартакиада – әріптестермен қайта қауышып, ортақ ұжымдық дәстүрді жалғастыруға мүмкіндік.


СНХ: КӨШЕК СӘМЕНОВ, «КӨКШЕ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ АРДАГЕРІ: Коллектив, жастар қызық болу керек. Жалғыз жұмыс істеп шаба бермей, көңіл де көтеріп, өздерінің концерттік программалары бар, соларға атсалысады, әсіресе жастар. Организацияда биыл қызметкерлердің кетуі азайды. Көбі келіп жатыр. Өйткені энергетика саласы еліміздің үлкен бір нағыз керек саласы. Оған еліміздің Президентінің өзі көңіл аударып, жақсы инвестиция бөліп, жаңартып жатыр. Подстанцияларды жаңартып жатыр. Сондықтан коллективке үлкен табыс тілейміз, жастарымыз осылай еңбектерін көрсете берсін. 


РКС: Спартакиада аясындағы жарыстар алдағы апталарда да жалғасады. Келесі кезеңде қатысушылар футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және шахматтан сынға түседі. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, үздіктерге 1,5 миллион теңге шамасында сыйақы қоры қарастырылған. Қатысушылар жеке және командалық есеп қорытындысы бойынша марапатталады.


ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу