Негізгі Жаңалықтар Шортандыда 8 отбасына пәтер кілті табысталды

Шортандыда 8 отбасына пәтер кілті табысталды


ДИКТОР: Шортандыда ауданындағы Александр Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының жанынан органикалық ботқалар мен құрғақ таңғы ас өндіретін жаңа цех іске қосылды. Бүгінде кәсіпорын өз алқабында өсірілген астықты өңдеп, дайын өнім шығаруда. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтарға арналған 36 пәтерлі жаңа тұрғын үй бой көтерді. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында ауданның өндірістік және әлеуметтік нысандарын аралап, олардың жұмысымен танысты.

РКС: Шортанды ауданында тағы 8 отбасы баспаналы болды. Солардың бірі – Ербол Мәнбит. Ол мемлекет тарапынан берілген жаңа пәтердің кілтін алып, отбасымен бірге көптен күткен қуанышқа кенелді.. Қоныс тойын тойлаған тұрғындарды облыс әкімі арнайы құттықтап, қуаныштарына ортақтасты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Ербол Мәнбит баспана кезегінде 2011 жылдан бері тұрған. Бүгінде бес адамнан тұратын отбасы үш бөлмелі жаңа пәтердің иесі атанды. Жаңа шаңырақта үш бала өсіп, тәрбиеленбек. Олардың ең кішісі небәрі төрт жаста. 

СНХ: ЕРБОЛ МӘНБИТ, ШОРТАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Айтарым, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасы бойынша жасалған бұл үй беру, мысалы, біз үй алғанымызға қуаныштымыз. Әрдайым осындай үйіміз ашық та жарқын, осындай нәрселерге, қуанышты сәттерге толы болсын дейміз. Рақмет сіздерге. 

СНХ: ОРДАУЫЛ МҰХАЙ, ШОРТАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қазіргі таңда бұл жағдай жасалған. Заттарын да келіп-келіп бере берсең болады, ешқандай несі жоқ. Анам, мынаны істеймін деген, бәрі дайын. Осы үшін. Жалпы, жоғары жақтағы бүкіліне ризамыз. 

Шортандыда органикалық өнім өндірісі жолға қойылды

РКС: Биыл шілде айында мұнда жаңа өндіріс орны іске қосылды. Кәсіпорын өздері өндірген бидай, арпа мен асбұршақты өңдейді. Бір ауысымда 400 келіге дейін органикалық ботқа мен құрғақ таңғы ас өнімдері шығарылады. Жобаны жүзеге асыруға 420 миллион теңгеден астам қаражат бағытталған.

СНХ: БАУЫРЖАН ҚАЛИБАЕВ, А. И. БАРАЕВ АТЫНДАҒЫ АСТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біз тек орталығымыздың селекционерлері шығарған өз сорттарымызды пайдаланамыз. Өнімдеріміз химиялық қоспасыз, ешқандай тыңайтқышсыз өсіріледі. Барлығы табиғи әрі таза өнім. Біздің цех халықаралық сертификатқа ие болды. Бұл өндіріс орнын Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы және «ҚазАгроОрганик» ұйымымен бірлесе отырып іске қостық.

РКС: Орталық басшылығы өнімді отандық және шетелдік нарыққа шығару мақсатында әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізуде. Ақмола облысында аграрлық салада толық өндірістік цикл қалыптастыруға басымдық беріліп отыр. Өңір кәсіпорындары ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен ғана шектелмей, оларды терең өңдеп, дайын өнім шығаруға біртіндеп бет бұруда.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ОМИРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу