Негізгі Жаңалықтар «Кітап оқитын ұлт»: кітапты күнделікті оқу әдетін қалыптастыру маңызды

«Кітап оқитын ұлт»: кітапты күнделікті оқу әдетін қалыптастыру маңызды


ДИКТОР: Ақмола облысының 35 мыңнан астам тұрғыны «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қатысып жатыр. Ал жас буынның бойында кітапты тұрақты оқу әдетін қалыптастыру мақсатында Атбасар қаласының №3 мектеп-гимназиясында «Оқырман» байқауы бастау алды. Күн сайын 15-20 минут кітап оқу — ми жұмысын жақсартып, сөздік қорды байытады,-дейді атбасарлық ұстаздар. Сондықтан балаға бір күнде бір кітапты мәжбүрлеп оқытуды емес, оны күнделікті өмір салтына айналдыруды мақсат етіп отыр. Мектепішілік «Оқырман» байқауының шарты қарапайым, бірақ жүйелілікті талап етеді: оқушылар күн сайын оқыған беттері бойынша күнделік жүргізеді. Әрі кітапханашымен шығарманы талдап отырады. Балалардың ынтасын ояту үшін мектеп әкімшілігі демеушілерді тартқан. Әр аталым бойынша жеңімпаз атанған тұрақты оқырманға велосипед сыйға тартылады.

СНХ: ҰНАТХАН ЕГІЗБАЙ, МҰҒАЛІМ: Бастауыш сыныптарға 30 өлең жаттау, орта буындағыларға 50-ден астам мақал-мәтелдерді жаттау. Ол тек қазақ тілімен шектелмейді, орыс, ағылшын тілдерінде де қарастырылған. 15 кітап оқып, белгілі бір сыйақыларды алады, бірінші, екінші орынға велосипедтерді беріп отыр.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу