Мектеп оқушылары әдеби квест-ойынына қатысты
ДИКТОР: Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, «Батудың ізімен» атты әдеби квест-ойынын өткізді. Оған Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-ші сынып оқушылары қатысты. Олар өздеріне қойылған шарттарды орындап, кітаптың кейіпкерлері мен оқиға желісіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Жүлделі үш орынды бөліскен балаларға естелік сыйлықтар мен жеңімпаздар медальдары табыс етілді.
РКС. «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған әдеби квест-ойынының тақырыбы етіп оқушылар өздері таңдаған белгілі қазақстандық авторлар Зира Наурызбаева мен Лилия Калаустың «Бату мен достарының алтын тостағанды іздегені» атты шығармасы алыныпты. Бұл туынды қазақ мифологиясы мен заманауи балалар әлемін шебер ұштастырған айтулы шығармалардың бірі болып табылады.
СНХ АБЫЛАЙХАН ӘШІМХАН, М. ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Біз ұйымдастырып жатқан іс-шараның ерекшелігі, бұл жерде біз кітапты талқыламаймыз. Оқушыларға алдын ала берілген кітаптың мазмұны бойынша шағын квест-ойынын ойнату арқылы оқушылар шығарманы қаншалықты оқыды, қаншалықты мазмұнын терең түсіне алды, соны анықтайтын боламыз.
СНХ: БҰЛБҰЛ ҚАППАСОВА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ КІТАПХАНАШЫСЫ: Біздің мектепте, жалпы Назарбаев зияткерлік мектептері жүйесінде «NIS-пен бірге оқиық» атты үлкен жоба бар. Бұл жоба біздің барлық оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру басты мақсаты. Барлық оқушыларды кітап оқуға жұмылдыру . Осы жоба аясында облыстық кітапхана бізді шақырды. оқушыларға өте ұнады. Біздің мектепте бірінші жыл оқып жатқандықтан, бірінші рет қатысып отыр, сондықтан әсерлері өте эмоциялы болды
РКС. Бұл туынды балаларға қазақ халқының көне мәдениетін, шежіресін және ұлттық құндылықтарын қызықты шытырман оқиға жанры арқылы заманауи тілде жеткізеді. Сюжеті жоғары бағаланған туынды «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында да оқылған болатын. Шығарманың қызықты оқиғасы балаларды да қиял-ғажайып әлемге жетелеп, оларға түрлі кедергілерден өтіп, қиындықтарды жеңуге ұмтылдырады.
СНХ АБДУЛРАЯН МҰСАХАН, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Мен бұл кітапты оқыдым және де Бату атты мектеп оқушысы өзінің сыныптастарынан қысым көреді және өзінің ежелгі ата-бабаларының тарихы арқылы өзінің ішіндегі рухты оятып, қорқынышты жеңуді үйренді және өзіне қысым көрсеткен оқушылардың сазайын тарттырып, өз қорқынышын жеңді.
СНХ: АРЛАН ЖҰМАБАЙ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Бату деген бала өз достарымен алтын тостағанды іздеуге барады. Олар әр түрлі қиындықтарға түсіп, бірге жеңеді. Әр қиындықта әр бала өз үлесін қоса алады. Ол Скорпион мен Қайраттан қысым көріп, сосын оны жеңді.Бұл өз мақсатына жету, қорықпау,ешқашан артқа шегінбеуді үйретеді.
РКС: Квест ойыны барысында үш командаға бөлінген он бала кітапхананың әр бөлімінде жасырылған сұрақтарды тез тауып, жауабын беріп, ең соңғы тапсырмада әріптерді жинап, сөз құрастыруы қажет болды. Нәтижесінде үшінші орынды «Батырлар» тобы 3-ші орынды, «Тапқырлар» тобы 2-ші орынды, «Самұрық» тобы 1-ші орынды жеңіп алды. Балаларға зияткерлік ойындар жиынтықтары мен медальдар, кубок табыс етілді.
Есте. шум:
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ