Негізгі Жаңалықтар Облыстық ғылыми жобалар байқауы өтуде

Облыстық ғылыми жобалар байқауы өтуде


ДИКТОР: Бүгін Көкшетауда 9-11-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі басталды. Білім бәсекесіне өңірдің 17 ауданы, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалары мен мамандандырылған мектептерден 200-ден астам оқушы қатысып жатыр.  

РКС: Ғылыми жобалар 2 бағыт бойынша 19 секцияда қорғалуда. Қоғамдық-гуманитарлық бағытта тіл білімі, әдебиет, тарих, мәдени мұра, этнография, әлеуметтік желілер мен маркетинг тақырыптары бойынша зерттеулер ұсынылған. Жаратылыстану-математикалық бағытта физика, математика, робототехника, ақпараттық технологиялар, химия, биология, экология және басқа да салалар қамтылған. 

СНХ: ЖАСМИН СӘДУОВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ (БІРЖАН САЛ): Менің тақырыбым «Жазда үйді салқын ұстайтын ақылды қабырға». Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім жазда үйді салқын ұстауға, қыста үйді жылы ұстауға өте көп энергия жұмсалады. Пенопласты,фольганы, картонды қолданып, бірнеше қабатты ақылды қабырға модельін құрастырдым. Бұның негізгі мақсаты баспана ішіндегі тұрақты деңгейде сақтауында. Пенопласты, фольганы, картонды қолданған себебім картон модельдың пішінін сақтап тұрады, пенопластың құрамынды ауа көп болғандықтан ол жылуды баяулатады. Сондықтан мен оны жылу оқшаулағыш материал ретінде қолдандым. 

РКС: Әр секция бойынша жеке қазылар алқасы жасақталған. Олар оқушылардың ғылыми жұмыстарын белгіленген критерийлер мен талаптарға сәйкес бағалап, зерттеудің өзектілігіне, жаңашылдығына, практикалық маңыздылығы мен қорғау сапасына назар аударуда.

СНХ: ГҮЛНӘР ХАМИТОВА, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Биология секциясы бойынша бізде жалпы 12 оқушы қатысты, 9 жұмыс қаралды. Жұмыстар бұрынғылармен салыстырғанда деңгейі жоғарылап келе жатыр жылдан жылға. Өте қызықты тақырыптар болды. Соның ішінде біз өзіміз үшін белгілеп алдық, жақсы-жақсы жұмыстар. Балалар өздерін еркін сезінеді. Жұмыстарын біледі. Жақсы баяндамалар жасады. Өздерінің эксперименттерін көрсетті. Жақсы деген баға қоюға болады.

РКС: Облыстық кезеңде оқушылар алдымен ғылыми жобаларын қазылар алқасының алдында қорғайды. Жүлделі бірінші, екінші, үшінші орын иеленген балалар бейіндік пәндер бойынша тестілеуден өтеді. Тест 60 сұрақтан тұрады, орындауға 2 сағат уақыт беріледі. Нәтижесінде қатысушылардың білім деңгейі мен таңдаған бағыты бойынша дайындығы бағаланады.

СНХ: ЕРКІН ОРАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Тесттен сүрінбей өткен жағдайда келесі кезең экспертиза деген болады. Экспертизаға жібереді, ол республикалық ғылыми практикалық орталықта практикадан өтеді. Сондықтан бұл байқау өте күрделі байқау, бір күнде жазылатын жұмыс емес, кем дегенде жарты жыл, бір жыл, үш жыл, төрт жылдап керек. Бір тақырыпты алса оған практикалық жұмыстар болады, теориясы болады, зерттеу жұмыстары болады, осындай өзінің кезеңдері бар.

РКС: Байқауға барлығы 247 ғылыми жоба ұсынылып, оның 190-ы алдын ала сараптамадан өткен. Зерттеу жұмыстарының 34-і командалық форматта әзірленген. Қатысушылардың әрқайсысы өз ізденісінің нәтижесін таныстырып, республикалық кезеңге жолдама алу үшін бақ сынауда.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу