Өңір басшысы Астрахан ауданының тұрғындарымен кездесті
ДИКТОР: Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Астрахан ауданына жұмыс сапары аясында жергілікті тұрғындармен кездесіп, атқарылған жұмыстарды саралады. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды. Билік пен бұқара арасындағы ашық диалогта қандай мәселелер көтерілді? Тілші материалында.
РКС: Кездесуде ең алдымен елді мекендерді су тасқыны қаупінен қорғау мәселесіне басымдық берілді. Аймақ басшысының айтуынша, ендігі кезекте табиғи апаттың салдарымен күресуден гөрі, оның алдын алуға бағытталған инженерлік шаралар күшейтілмек. Қазірдің өзінде ауданның 6 ауылында жалпы ұзындығы 3 шақырымнан асатын арық тазартылып, арналары тереңдетілді. Сонымен қатар, қорғаныс бөгеттері нығайтылуда.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қазіргі таңда біз осы бөгеттерді, осы су қоймаларын бірінші кезекте жалпы ұзындығы үште жеті болатын ескі Қалқұтан мен Қалқұтан ауылдарының қорғаныс бөгеттерінің құрылысын аяқтау жоспарларында қаржы бөлінді оған. Сонымен қатар Қалқұтан өзінің арнасын тазарту және терендету жұмыстары жалғасуда. Оларды келесі жылы су тасқыны кезеңі басталғанға дейңн аяқтау көзделіп отыр. Өзіңіз білетіндей, тасқын сулар ауданға тек өз аумағына ғана емес, көрші аудандардан түседі. Әр жағдайда Прохоровка, солардың осы судың екіпінін Астрахан ауданға жеткізбей, су қоймаларын, су бөгеттерін сол жерде тоқтауға екпіні азайып осында келеді. Сонда судың жайлы өтуіне мүмкіндік жасаймыз. Және осы, біз мынау 40 млн м² суды ұстап қалу.
РКС: Ауданның өркендеуіне серпін беретін негізгі бағыттардың бірі инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын іске қосу. Соның ішінде Жалтыр ауылындағы «Ақбейіт» кен орнында алтын өндіру фабрикасының құрылысы жоспарланған. Энергетика саласында да ауқымды өзгерістер орын алады деген болжам бар. Өңір басшылығының бастамасымен республикалық газбен қамту жоспарына Астрахан ауданы қосымша енгізілді.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Салалық министрліктермен және ірі газ компанияларымен келіссөздер жүргізіп, газбен қамтудың республикалық жоспарына қосымша тағы 4 аумақты енгізу жөнінде келісімге келдік. Олардың қатарында Степногорск қаласы, Сандықтау, Біржан сал және Астрахан ауданы бар. Осылайша, Астрахан ауданындағы 20 елді мекенде тұратын 17 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді. Сонымен қатар, Астраханка және Жалтыр ауылдарындағы қазандықтар мен әлеуметтік маңызы бар 29 нысан орталықтандырылған газға көшіріледі.
РКС: Бұдан бөлек, өндіріс әлеуетін арттыру бағытында астық сақтауға арналған силос шығаратын зауыт жаңғыртылып, жаңа элеватор іске қосылды. Алдағы уақытта тағы бірнеше ірі жобаны жүзеге асыру көзделген. Мәселен келер жылы Жалтыр ауылында тағы бір элеватор салынады. Ал 2029 жылға дейін жылына 127 миллион дана жұмыртқа өндіруге қауқарлы құс өсіру репродукторын салу жоспарланып отыр. Мал шаруашылығы саласында да ілгерілеу байқалады. Первомайка ауылында мал бордақылау алаңы мен ет комбинаты іске қосылса, Каменка ауылында жеке ірімшік цехы бар өндірістік кешен жұмысын бастады. Ал келер жылы Лозовое ауылында сүт фермасының құрылысы қолға алынбақ.
Аймақ басшысы №1 мектеп-гимназиясының ахуалымен танысты
РКС: Өңір басшысы Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында Астраханка ауылындағы №1 мектеп-гимназияның тыныс-тіршілігімен де танысты. 2024 жылы білім ордасы «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жүзеге асқан тірек ауыл мектептерін дамыту жобасына қосылды. Нәтижесінде мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, заманауи жабдықтармен қамтылған пәндік кабинеттердің мүмкіндігі кеңейді. Бұл ауыл балаларына сапалы білім алуға тың мүмкіндік берді.
СНХ: ГҮЛНӘР ШОНҒАЛОВА, №1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Осы негізде біздің мектебіміздің 18 кабинеті 230 миллион теңгеге жабдықталды. Оның сыртында бізде телестудия, арт-студия, робототехника зертханалары бар. Осы 2024 жылдан бері жалпы біздің мектебіміздің білім сапасы жағынан, жалпы әлеуметтік деңгейі жағынан өсім өте жақсы. Қазіргі уақытта біздің білім сапамыз 76%-ға өсті. Жалпы бұл жобаның өзі негізгі мақсаты осы қала баласы мен ауыл баласының тең дәрежеде білім алуын қамтамасыз ету.
РКС: Марат Ахметжанов білім ордасының технология, химия және физика кабинеттерін аралап, оқушылардың IT бағытындағы жобаларымен және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған цифрлық шешімдермен танысты. Оқушылармен жүздесу кезінде өңір басшысы білім алуға қолайлы жағдай жасаумен қатар, балалар игілігі үшін атқарылған жұмыстардың қадірін біліп, оны ұқыпты сақтаудың да маңызды екенін атап өтті.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, КАРИНА СҮЛЕЙМАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ