Негізгі Жаңалықтар 360-тан астам жас сарбаз ант берді

360-тан астам жас сарбаз ант берді


ДИКТОР: 360-тан астам жас сарбаз салтанатты түрде ант беріп, Отан қорғаушылардың қатарын толықтырды. Олар енді Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімінде азаматтық борышын өтейді.  

ИНТЕРШУМ:  

РКС: Саптық жүріс пен әскери оркестр әуенімен жас сарбаздар өмірінің жаңа кезеңіне қадам басты. Салтанатты рәсімге еліміздің әр өңірінен келген жастар жиналды. Олардың осы ерекше сәтін көруге ата-аналары да арнайы келіпті. 

СНХ: ФАРУХ РАУХОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ұлымның әскери ант беру рәсіміне арнайы келдім. Барлық сарбаздың жолы болып, ата-аналарының үмітін ақтауына тілектеспін. Әрқайсысына абыройлы қызмет тілеймін. Балалардың Отан алдындағы борышын өтеуге кіріскелі жатқанына шын жүректен қуаныштымын.

СНХ: ПАВЕЛ МЕНЬШИКОВ, САРБАЗ: Мен Қарағандыдан келдім. Бұған дейін Көкшетау қаласында болмаппын. Өте әдемі қала екен. Әскери борышымды аяқтағаннан кейін осында қалуым да мүмкін. Әскери ант беру рәсімі жақсы өтті, көңілде ерекше әсер қалдырды. Енді әскери қызметімізді асыға күтіп жүрміз. Алдағы бір жыл сәтті өтіп, баршамыздың есімізде жақсы естеліктерімен сақталады деп сенеміз. Ата-анам келді. Олармен жүздесуді асыға күттім. Аман-есен қауыштық. 

РКС: 360-тан астам жас сарбаз тәжірибелі командирлер басқаратын тоғыз топқа бөлінген. Алдағы уақытта командирлер оларға әскери тәртіп пен қызметтің қыр-сырын үйретіп, жаңа ортаға тез бейімделуіне көмектеседі. Сондай-ақ жас жауынгерлердің Отан қорғауға дайын, жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуына бағыт-бағдар береді.

СНХ: ЖӘНІБЕК СӘРСЕНОВ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгін 5510 әскери бөлім үшін еліміздің әр өнерінен шақырылған жас сарбаздарын әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Барлық жас сарбаздарды әскери ант палемен шын жүректен құттықтаймын. Отанға қызмет ету абыройлы міндет, ал Отанды қорғау кәсиеті борыш демекші, антқа адал болып, әскери қызметтерін абыроймен атқарып, ата аналармен ел сенгенін ақтап, аман есен үйлеріне оралуға тілектеспін. 

РКС: Бұл күн жас сарбаздардың өміріндегі ең жауапты сәттің біріне айналды. Қарулы Күштер қатарына қосылған жас сарбаздар ел алдындағы үлкен жауапкершілікті мойнына алып, Отан қорғауға дайын екендерін мақтанышпен жеткізді.

ИНТЕРШУМ: 

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, НАИР ЗАХОВАЕВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу