Негізгі Жаңалықтар Шаһар прокуратурасы 714 млн. теңге бюджет қаржысын үнемдеді

Шаһар прокуратурасы 714 млн. теңге бюджет қаржысын үнемдеді


ДИКТОР: Степногорск қалалық прокуратурасы бюджет қаражатынан 714 миллион теңгенің негізсіз жұмсалуына жол бермеді. Жергілікті әкімшілік қаланы күтіп ұстау жұмыстарын жоспарлау және оны қалыптастыру кезінде заң талаптарын бұзған. Прокурорлық қадағалау нәтижесінде 2 миллиард теңгеге жуық болатын 20-дан астам мемлекеттік сатып алу рәсімі тоқтатылды. Онда жобалардың сметалық құны негізсіз түрде асыра көрсетілген. Сонымен қатар шамадан тыс және экономикалық тұрғыдан негізделмеген жұмыс көлемдері, сондай-ақ заңнаманы бұзатын және бәсекелестікті шектейтін талаптар енгізілген. Прокуратураның араласуынан кейін сметалық құн қайта қаралып, негізсіз шығындар алынып тасталды. Аталған заң бұзушылықтарға жол бергені үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сондай-ақ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Құқық қорғау органдары бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуы прокуратураның тұрақты бақылауында екенін атап өтті.

Бөлісу