«Қайратты» Италияда қанша жанкүйер қолдайтыны белгілі болды
ДИКТОР: Алматылық "Қайрат" УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі сырт алаңдағы ойында қазақстандық жанкүйерлердің қолдауына ие болады. "Аталанта" мен "Қайрат" арасындағы матчты тамашалау үшін Қазақстаннан 133 жанкүйер барады деген болжам бар. Қазақстан мен Бергамоның арақашықтығы шамамен 5450 шақырым болғанына қарамастан, мұндай қолдаудың айтарлықтай жақсы екенін атап өткен. "Аталанта" – "Қайрат" командалары Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур аясында кездеседі. Ойын бүгін, 5 қарашада Бергамодағы "Нью Баланс Арена" стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады. Еске сала кетейік, алматылық клуб еурокубок ойындарындағы екінші кездесуінде Грекияның "Панатинаикос" командасына 1:5 есебімен есе жіберді. "Қайрат" сапынан соғылған жалғыз голдың авторы Исмаил Бекболат.